Қазақстанда жаңа Алатау қаласы пайда болады

Фото: gov.kz Қазақстанда жаңа Алатау қаласын ерекше мәртебемен дамыту туралы заң дайындалды. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Парламентте айтты. Оның сөзінше, Алатау жай ғана қала болмайды. Бұл өңірді тез дамыту үшін арнайы құқықтық режим енгізілмек. Яғни қалада салық, инвестиция, жер беру және бизнес жүргізу тәртібі Қазақстанның басқа қалаларынан бөлек болуы мүмкін. Бозымбаевтың айтуынша, мұндай…

Толық оқу

«Қазақмыс» қызметтік тұрғын үйлерді жұмыскерлердің меншігіне берді

Фото: t.me/kazakhmys_news «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік бағдарламасын іске асыруды жалғастыруда. Таяуда компания қызметтік пәтерлерді өңірлердегі жұмыскерлердің меншігіне өткізді. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды. Бағдарламаның осы кезеңінде 13 пәтердің меншік құқығы рәсімделді. Сегіз пәтер Балқаш қаласында, бес пәтер Жезқазған өңірінде орналасқан. Бағдарлама қызметтік тұрғын үйде тұратын және әлеуметтік тұрғыдан…

Толық оқу

Алматыдағы Астана алаңында Наурыз мерекесіне орай мерекелік іс-шаралар өтеді

Фото: Алматы қалалық Мәдениет басқармасы Алматыда 21 наурыз күні Астана алаңында Наурыз мейрамына арналған ауқымды мерекелік іс-шаралар өтеді. Бұл туралы қалалық Мәдениет басқармасының өкілдері хабарлады.  Ұйымдастырушылардың айтуынша, сағат 11:00-ден 22:00-ге дейін қаланың орталық алаңы ұлттық дәстүрлер мен заманауи мәдени форматтарды ұштастыратын мерекенің басты алаңына айналады. Бағдарламада қазақстандық артистердің қатысуымен концерттер, театрландырылған қойылымдар, цифрлық турлар мен…

Толық оқу

Берешегін өтеген алматылық кәсіпкердің айыппұлы мен өсімпұлын алып тастайды

Фото: aqshamnews.kz Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматыдағы Мемлекеттік кірістер департаментінің берешекпен жұмыс басқармасы бастығының міндетін атқарушы Аида Омарова осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды. Оның айтуынша, 1 қаңтардан бастап бұл қағида берешегі бар салық төлеушілерге қолданылмақ. Құжатта берешектегі өсімпұлды, сондай-ақ кәсіпкердің дербес шотында тіркелген салыққа қатысты құқықбұзушылығы үшін салынған айыппұлды алып…

Толық оқу

Лондон еліміздің мұнайын санкциядан босатты

Фото: Pixabay Ұлыбритания Қаржы министрлігі «Транснефть» компаниясына қатысты жаңа лицензия жариялап, қазақстандық мұнайды жеткізу, сатып алу, тасымалдау немесе жөнелтуге байланысты кез келген қызметті санкциялардан шығарып тастады. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды. 19 наурызда Қаржылық санкцияларды енгізу басқармасы (OFSI) INT/2026/9247168 бас лицензиясын берді. «2026 жылғы 19 наурызда OFSI 2019 жылғы Ресей (Санкциялар) (ЕО-дан шығу) Ережесінің…

Толық оқу
Яндекс.Метрика