Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 25 тамыз 2026 $ 459,2 536,3 5,55
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    ЕҚЫҰ байқаушылары Қазақстандағы сайлау рәсімдерін оң бағалады Қазақстанда тұрғын үйді табиғи апаттардан міндетті сақтандыру енгізілуі мүмкін 25 тамыздағы ауа райы болжамы: Қазақстанның 20 қаласында ШҚО-да аю 58 жастағы ер адамға шабуыл жасады 1 қыркүйектен бастап шетелде жүрген қазақстандықтарға паспорт рәсімдеу тәртібі өзгереді Тоқаев Путин, Жапаров, Әлиев, Мирзиёев және Рахмонға алғыс айтты ЕҚЫҰ байқаушылары Қазақстандағы сайлау рәсімдерін оң бағалады Қазақстанда тұрғын үйді табиғи апаттардан міндетті сақтандыру енгізілуі мүмкін 25 тамыздағы ауа райы болжамы: Қазақстанның 20 қаласында ШҚО-да аю 58 жастағы ер адамға шабуыл жасады 1 қыркүйектен бастап шетелде жүрген қазақстандықтарға паспорт рәсімдеу тәртібі өзгереді Тоқаев Путин, Жапаров, Әлиев, Мирзиёев және Рахмонға алғыс айтты

    Берешегін өтеген алматылық кәсіпкердің айыппұлы мен өсімпұлын алып тастайды

    Берешегін өтеген алматылық кәсіпкердің айыппұлы мен өсімпұлын алып тастайды

    Фото: aqshamnews.kz

    Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматыдағы Мемлекеттік кірістер департаментінің берешекпен жұмыс басқармасы бастығының міндетін атқарушы Аида Омарова осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Оның айтуынша, 1 қаңтардан бастап бұл қағида берешегі бар салық төлеушілерге қолданылмақ. Құжатта берешектегі өсімпұлды, сондай-ақ кәсіпкердің дербес шотында тіркелген салыққа қатысты құқықбұзушылығы үшін салынған айыппұлды алып тастау жағы да қарастырылыпты.

    Сонымен қатар, салық міндеттемесі биылғы 1 сәуірге дейін толық орындалған жағдайда өсімпұл мен айыппұлы есептен шығарылады. Бұған қоса, биылғы 1 қаңтарға дейін жасалған операциялар бойынша ҚҚС бойынша тіркелмей қызмет атқарғаны үшін салынған айыппұл да алынып тасталмақ.

    Негізгі шарт — 2026 жылғы 1 қаңтар мен 31 наурыз аралығында негізгі салық берешегін толық өтеу. Бұл ретте тек өсімпұлы мен айыппұлы есептен шығарылады да, негізгі салық сомасын төлеу міндетті болып қалады.

    Есептен (айыппұл мен өсімпұлды) шығаруды комиссияның дербес шоттарға жүргізетін түгендеу жұмысының қорытындысына қарай қолға алады.

    Аида Омарованың айтуынша, бұл бастаманы іске асырғанда бизнеске түсетін қарыз жүктемесі азайып, оның ары қарайғы дамуына жағдай жасамақ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →