Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    «Қыз зорлау дерегі»: Қайрат Нұртасқа қатысты дауға полиция мәлімдеме жасады

    «Қыз зорлау дерегі»: Қайрат Нұртасқа қатысты дауға полиция мәлімдеме жасады

    Бұған дейін әлеуметтік желілерде әнші Қайрат Нұртасқа қатысты даулы ақпарат тараған болатын. Астана қаласының полиция департаменті аталған жағдайға байланысты ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Желіде жарияланған мәліметтерде 2006 жылы туған бойжеткеннің Қайрат Нұртасқа қатысты арыз түсіргені айтылған. Сондай-ақ кейбір жазбаларда қыз бен әншінің арасында жанжал туындап, оқиға орнына полиция шақырылғаны туралы ақпарат тарады.

    Алайда Астана қаласының полиция департаменті зорлау дерегі расталмағанын мәлімдеді.

    Ведомствоның хабарлауынша, 10 шілде күні «102» арнасына 2006 жылы туған қыздан қаладағы қонақүйлердің бірінде ер адамның өзіне қатысты құқыққа қайшы әрекет жасағаны жөнінде хабарлама келіп түскен. Осы дерек бойынша заң талаптарына сәйкес тексеру жүргізілген.

    «Алдын ала анықталғандай, қонақүйде болған екі адамның арасында жеке сипаттағы жанжал туындаған. Қазіргі уақытта бұл жағдай өз шешімін тапты», – деп хабарлады полиция.

    Сондай-ақ полицияның мәліметінше, арызданушы кейіннен өз шағымын кері қайтарып, қойылған талаптарынан бас тартқан.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →