Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 23 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Жұғысты болсын»: Жігер Ауыпбаевтың жас әйелі жылап қалды Азиада-2026: қазақ спортшысы ушудан алғашқы қола медальді жеңіп алды «Құлағанша күте ме?»: Көкшетаудағы көпірдің жағдайы тұрғындарды алаңдатып отыр Астанада адам өліп, үш баланың анасы аяғынан айырылды: құрылыс қауіпсіздігін кім бақылап отыр? Әлемдік AI индустриясының көшбасшысы Дженсен Хуанг Қазақстанға ат басын бұрмақ Төбесі көгеріп, қабырғасы жарылған: Алматы облысында 1081 бала тозығы жеткен мектепте оқып жүр «Жұғысты болсын»: Жігер Ауыпбаевтың жас әйелі жылап қалды Азиада-2026: қазақ спортшысы ушудан алғашқы қола медальді жеңіп алды «Құлағанша күте ме?»: Көкшетаудағы көпірдің жағдайы тұрғындарды алаңдатып отыр Астанада адам өліп, үш баланың анасы аяғынан айырылды: құрылыс қауіпсіздігін кім бақылап отыр? Әлемдік AI индустриясының көшбасшысы Дженсен Хуанг Қазақстанға ат басын бұрмақ Төбесі көгеріп, қабырғасы жарылған: Алматы облысында 1081 бала тозығы жеткен мектепте оқып жүр

    5:0: «Қайрат» «Реал Мадрид» клубына есе жіберді (ВИДЕО)

    5:0: «Қайрат» «Реал Мадрид» клубына есе жіберді (ВИДЕО)
    Фото: Inbusiness.kz
    UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің екінші турында қазақстандық «Қайрат» (Алматы) испаниялық «Реал Мадрид» (Испания) командасын қабылдады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Алматының Орталық стадионындағы тарихи матч алаң иелерінің шабуылымен басталды. Әп дегеннен «Қайрат» ойыншылары қонақтарға қауіп төндіріп, Куртуаның қақпасын торуылдаумен болды. Алайда Хаби Алонсо жаттықтыратын футболшылар да қарап қалмады. Орайы келгенде шабуылға шығып, Шерхан Қалмырзаның да шеберлігін тексеріп көрді.

    Кездесудің 25-минутында «Қайрат» командасының қақпасына пенальти белгіленіп, он бір метрліктен оныншы нөмірдегі Мбаппе гол соқты. Осылайша корольдік клуб есепте алға шықты. Мұнан соң таблодағы есеп екінші таймда өзгерді. «Реалдың» үздігі Киллиан 52-минутта дубль авторы атанды. Ойынның 58 минутында Мбаппенің тамаша мүмкіндігі болған. Алайда қақпа алдында білгенінен жаңылды. Дегенмен қырағы шабуылшы 74-минутта хет-трик жасап, есепті еселей түсті.

    Қонақтар мұнымен тотап қалмады. Кезекті шабуылдарының бірін Камавинга голға айналдырды. Франциялық ойыншы 83-минутта кездесудегі төртінші голды өз атына жазды. Ал, Браим Дияс ойынның нүктесін қойды.

    Өкінішке қарай, Орталық стадиондағы 22 788 жанкүйер жиналған ойында алаң иелері 0:5 есебімен қарсылас командаға жол берді.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →