Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    Шенеунік пен депутаттың айлығы: кімнің табысы отбасын асырауға жетпейді?

    Шенеунік пен депутаттың айлығы: кімнің табысы отбасын асырауға жетпейді?

    Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

    Желіде Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбектің «айлығым отбасымды асырауға жетпейді, содан кейін әйелімді жұмысқа шығардым» деген мәлімдемесі қызу талқыланып жатыр. Халық қалаулысының бұл сөзі қоғамда үлкен резонанс тудырды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Осы мәлімдемеден кейін желі қолданушылары мен БАҚ өкілдері арасында «Алдағы Ұлттық құрылтайдан кейін депутаттардың жалақысы тағы өсе ме?» деген заңды сұрақ туындады.

    Бүгін Үкімет кулуарында бұл шулы сауал Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевқа қойылды.

    Министрдің жалақысы қанша?

    Министр Асқарбек Ертаев депутаттардың айлығы өсуі мүмкін бе деген мәселеден мүлдем хабарсыз екенін кесіп айтты. Оған қоса, шенеунік өз табысын жасырмай, ашық жариялады:

    Министрдің айлығы: 1,2 миллион теңге.

    Отбасылық жағдайы: 4 баласы бар.

    «Кредитім де бар, айлығым да жетеді»

    Депутат Базарбектің «ақша жетпейді» деген уәжіне қарағанда, Еңбек министрінің өз табысына көңілі толатын көрінеді. Ол бұл қаражаттың отбасын асырауға толық жететінін, тіпті мойнындағы несиелерін де уақытылы тауысып жатқанын алға тартты.

    «Маған бұл жалақы (1,2 млн теңге) жетеді. Төрт балам бар, несиемді де осы ақшамен сәтті жауып жатырмын», — деді Асқарбек Ертаев.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →