Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады

    Криштиану Роналдудың YouTube-каналы әлемдік рекорд орнатты

    Криштиану Роналдудың YouTube-каналы әлемдік рекорд орнатты

    Португалиялық футболшы Криштиану Роналдудың YouTube-каналы алғашқы миллион жазылушы жинау жөнінен әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

    Сәрсенбі күні Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубының шабуылшысы YouTube-канал ашқан еді. Алғашқы миллион жазылушы небәрі бір жарым сағатта жиналды. Қазіргі уақытта олардың саны 12 миллионға жуықтады. Ал 2022 жылғы әлем чемпионы Лионель Мессидің 2006 жылы құрылған YouTube-каналында небәрі 2,2 млн жазылушы бар.

    Айта кетсек, 39 жастағы Криштиану Роналду «Алтын доптың» бес дүркін иегері, бес мәрте Чемпиондар лигасында кубокты төбесіне көтерді. Сондай-ақ ол Еуропа чемпионы, Ұлттар Лигасында жеңімпаз болды.

    Португалиялық шабуылшы ұлттық құрама, Еуропа чемпионаты, Чемпиондар лигасы, клубтар арасындағы әлем чемпионаты тарихында үздік сұрмерген атанған.

    Футболшы мансабында Испанияның «Реал Мадрид», Англияның «Манчестер Юнайтед», Италияның «Ювентус» және Португалияның «Спортинг» клубында ойнады.

    2022 жылдың желтоқсан айынан Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубының намысын қорғайды. 2023 жылдың тамыз айында ол аталған команда сапында Араб елдері Чемпиондары кубогын иеленді.

    Фото: astanatv.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →