Каспий жағасында аққулар жаппай қырылып жатыр

Маңғыстау облысында Каспий теңізі маңында құстардың жаппай қырылуы тұрғындарды алаңдатып отыр. Әлеуметтік желіде тараған видеода жағалау бойында жатқан аққулар мен басқа да құстардың өлекселері анық көрінеді. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, өлген құстар бірнеше жерден табылған. Таңертең аққулардың бір бөлігі жиналып, аумақтан шығарылғанымен, басқа құстардың өлекселері әлі жатыр. Бұл жағдайдың себебі нақты белгісіз, бірақ тұрғындар экологияға зиян…

Толық оқу

Министр мойындады: Ауасы ластанған қалалар мәселесі жақын арада шешілмейді

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстандағы ауа ластану мәселесін қысқа уақытта шешу мүмкін емес екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, экологиялық жағдайды жақсарту үшін кешенді шаралар қолға алынғанымен, нәтиже бірден байқалмайды. Министр Қытай тәжірибесіне сүйеніп, ірі қалаларда көлікті экологиялық таза отынға кезең-кезеңімен көшіру жұмыстары жүріп жатқанын айтты. Қазіргі таңда қоғамдық көліктің шамамен 70 пайызы баламалы…

Толық оқу

Каспий теңізін «құрғатып жібереді» деген әңгіме — бос сөз: министр қауесетке жауап берді

Фото: primeminister.kz Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Каспий теңізіне қатысты тараған қауесеттерге пікір білдірді. Сарапшылар шабуыл болған жағдайда теңізге күкірт төгіліп, су айдыны қатты ластануы мүмкін деген болжам айтқан. Тіпті кейбір пікірлерде Каспий «қайнап кетуі» немесе тартылып қалуы мүмкін деген сөздер тараған. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды. Министр мұндай болжамдарды шындыққа жанаспайтын…

Толық оқу

Зерендіде кәріз суы көлге айналды: Халық сасық иістен көз ашпай отыр

Ақмола облысы, Зеренді ауылында тұрғындар бірнеше жылдан бері шешімін таппай келе жатқан экологиялық мәселеге алаңдаулы. Елді мекен аумағында кәріз суы жер бетіне шығып, жинала-жинала шағын көлшікке айналған. Лас су айналаға жайылып, әсіресе Зеренді аудандық ауруханасының маңын батпаққа айналдырған. Ем іздеп келетін мекеме іргесіндегі бұл көрініс тұрғындардың наразылығын күшейтіп отыр. Күн жылыған сайын жағдай тіпті қиындай…

Толық оқу
Яндекс.Метрика