Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Өзінің бағы бар, соры бар»: Роза Әлқожа күтпеген жазба жариялады • Меккеде «әдепсіз әрекет жасааған» ерлі-зайыпты өлім жазасына кесілді • Ұпаймен өлшенген отбасы: жәрдемақыны «цифрлық карта» арқылы бөлу кімге әділ, кімге қауіпті? • Қостанайдың қақ ортасында ағаштар қурап жатыр: әкімдік неге үнсіз? • Ақтауда ойын алаңындағы сырғанақ баланың саусағын қиып кетті: тұрғындар әкімдікке шағымданды • Мексикада күн суытып, 10 адам көз жұмды • «Өзінің бағы бар, соры бар»: Роза Әлқожа күтпеген жазба жариялады • Меккеде «әдепсіз әрекет жасааған» ерлі-зайыпты өлім жазасына кесілді • Ұпаймен өлшенген отбасы: жәрдемақыны «цифрлық карта» арқылы бөлу кімге әділ, кімге қауіпті? • Қостанайдың қақ ортасында ағаштар қурап жатыр: әкімдік неге үнсіз? • Ақтауда ойын алаңындағы сырғанақ баланың саусағын қиып кетті: тұрғындар әкімдікке шағымданды • Мексикада күн суытып, 10 адам көз жұмды •

    «Көз жасымды ұстай алмадым»: Блогер Ырысбала тағы бір перзентіне диагноз қойылғанын айтты (ВИДЕО)

    «Көз жасымды ұстай алмадым»: Блогер Ырысбала тағы бір перзентіне диагноз қойылғанын айтты (ВИДЕО)

    Фото: видеодан скрин

    Танымал блогер Рысбала Икрамбай отбасыдағы жағдайы мен соңғы уақытта басынан өтіп жатқан қиын кезең туралы ашық айтты. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Блогер әлеуметтік желіде видео жариялап, баласының денсаулығына байланысты қатты алаңдап жүргенін жеткізді. Оның сөзінше, соңғы күндері көңіл күйі тұрақсыз болып, бір күліп, бір жылап жүрген сәттері көбейген.

    «Соңғы кезде неге бірде күліп, бірде жылап жүргенімді түсінбей жатқан шығарсыздар. Бұл маған да оңай емес. Білесіздер, бір балама “ЗПР” диагнозы қойылған.

    Жақында төртінші балам Расулды атымен шақырсақ, назар аудармайтынын байқадық. Бұған дейінгі тәжірибеміз бар болғандықтан, бірден дәрігерге апардық. Дәрігердің “өзіңіз де түсініп тұрсыз ғой” деген сөзінен кейін көз жасымды ұстай алмадым», – деді ол.

    Рысбала қазіргі уақытта екінші баласының денсаулығын жақсарту үшін ем-доммен айналысып жүргенін айтты. Желі қолданушылары блогерге қолдау білдіріп, жылы лебіздерін жаудыруда.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →