Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 14 қыркүйек 2026 $ 450,7 522,8 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Зеленский Жоғарғы Рададан Бас прокурорды дереу қызметтен босатуды сұрады «Үйінен шығып, қайта оралмаған»: Ұлытауда 60 жастағы ер адам жоғалып кетті Қасым-Жомарт Тоқаев Кореяның бірқатар азаматын марапаттады Айтысқа мас болып шыққан «Алтын домбыра» иегері Мақсат Ақанов жазаланды «The Finiko» ісі: халықаралық іздеудегі күдікті Түркиядан елге қайтарылды Дзюдодан әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды Зеленский Жоғарғы Рададан Бас прокурорды дереу қызметтен босатуды сұрады «Үйінен шығып, қайта оралмаған»: Ұлытауда 60 жастағы ер адам жоғалып кетті Қасым-Жомарт Тоқаев Кореяның бірқатар азаматын марапаттады Айтысқа мас болып шыққан «Алтын домбыра» иегері Мақсат Ақанов жазаланды «The Finiko» ісі: халықаралық іздеудегі күдікті Түркиядан елге қайтарылды Дзюдодан әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды

    Министр мойындады: Ауасы ластанған қалалар мәселесі жақын арада шешілмейді

    Министр мойындады: Ауасы ластанған қалалар мәселесі жақын арада шешілмейді

    Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстандағы ауа ластану мәселесін қысқа уақытта шешу мүмкін емес екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, экологиялық жағдайды жақсарту үшін кешенді шаралар қолға алынғанымен, нәтиже бірден байқалмайды.

    Министр Қытай тәжірибесіне сүйеніп, ірі қалаларда көлікті экологиялық таза отынға кезең-кезеңімен көшіру жұмыстары жүріп жатқанын айтты. Қазіргі таңда қоғамдық көліктің шамамен 70 пайызы баламалы отын түрлеріне ауыстырылған. Алматыда жаңа инфрақұрылым салынып, басқа отынмен жүретін автобустарға арналған автопарктер мен арнайы құю станциялары іске қосылып жатыр. Сонымен қатар электр көліктеріне арналған зарядтау станцияларының желісі кеңейіп келеді.

    Сонымен бірге министр бұл мәселені бір-екі жылда толық шешу мүмкін емес екенін ашық айтты. Оның сөзінше, ауасы қатты ластанған қалаларда жағдайды жақсарту үшін уақыт қажет, сондықтан қабылданып жатқан шаралардың нәтижесі кезең-кезеңімен ғана көрінеді.

    Нысанбаевтың айтуынша, негізгі ластаушы кәсіпорындарға қатысты қатаң талаптар енгізілген. Қазіргі таңда ең көп ластайтын 50 кәсіпорынның 20-сы кешенді экологиялық рұқсат алған. Бұл талап бойынша олар 10 жыл ішінде өндірісті қоршаған ортаға зиянсыз етуге міндетті. Тағы 22 кәсіпорын осындай рұқсат алу үшін өтініш берген.

    Министр жаңа Экологиялық кодекс ірі кәсіпорындарды технологиясын жаңартуға мәжбүрлейтінін айтты. Оның пікірінше, заң талаптары күшейген сайын өндіріс орындары экологияға келтіретін зиянын азайтуы тиіс.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →