Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Зерендіде кәріз суы көлге айналды: Халық сасық иістен көз ашпай отыр

    Зерендіде кәріз суы көлге айналды: Халық сасық иістен көз ашпай отыр

    Ақмола облысы, Зеренді ауылында тұрғындар бірнеше жылдан бері шешімін таппай келе жатқан экологиялық мәселеге алаңдаулы. Елді мекен аумағында кәріз суы жер бетіне шығып, жинала-жинала шағын көлшікке айналған. Лас су айналаға жайылып, әсіресе Зеренді аудандық ауруханасының маңын батпаққа айналдырған. Ем іздеп келетін мекеме іргесіндегі бұл көрініс тұрғындардың наразылығын күшейтіп отыр.

    Күн жылыған сайын жағдай тіпті қиындай түскен. Нәжіске тән өткір иіс қосылып, жергілікті халықтың айтуынша, қолқаны қабатын сасық иіс бүкіл аумаққа тараған. Кәріз суы жыл он екі ай бойы тоқтаусыз ағады: жазда топыраққа сіңіп, аса байқала қоймаса, қыста қатып, мәселе анық көрінеді.

    Тұрғындар экология қызметінен нақты шара күтетінін айтып дабыл қағуда. Курорттық аймақ саналатын Зерендіде мұндай антисанитарлық жағдайдың қалыптасуы демалушыларға да, жергілікті халыққа да қауіп төндіріп отыр.

    Алайда жылдар бойы шешілмеген бұл мәселеге жергілікті әкімдік тарапынан нақты әрі нәтижелі әрекет көрінбей отырғаны жұрттың ашу-ызасын күшейткен.

    Видео дереккөзі: @sinegor.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →