Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 12 қараша 2026 $ 446,3↓€ 498,2↓₽ 5,36↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мәскеуде ҰҚКШҰ саммиті өтті: Тоқаев декларацияға қол қойды, Армения дауыс құқығынан айырылды • Тоқаев ҰҚШҰ елдерін қауіпсіздік мәселелерінде күш біріктіруге шақырды • Тоқаев Мәскеуде ҰҚШҰ отырысында сөз сөйледі • Тоқаев Мәскеудегі ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты • Зейнеп Оразхан екі допинг бұзушылығы үшін үш жылға дисквалификацияланды • Қазақстандық паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды • Мәскеуде ҰҚКШҰ саммиті өтті: Тоқаев декларацияға қол қойды, Армения дауыс құқығынан айырылды • Тоқаев ҰҚШҰ елдерін қауіпсіздік мәселелерінде күш біріктіруге шақырды • Тоқаев Мәскеуде ҰҚШҰ отырысында сөз сөйледі • Тоқаев Мәскеудегі ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты • Зейнеп Оразхан екі допинг бұзушылығы үшін үш жылға дисквалификацияланды • Қазақстандық паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды •

    Бибісара Асаубаева 29 млн теңге ұтып алды: бұл небәрі екінші орын үшін

    Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева үміткерлер турнирінде екінші орын үшін қанша табыс тапқаны белгілі болды. Жалпы жүлде қоры 29 млн теңгеден асты.

    Бибісара Асаубаева 29 млн теңге ұтып алды: бұл небәрі екінші орын үшін
    file_849.jpg

    Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева үміткерлер турнирінде екінші орын алып, ірі көлемде жүлде қорына ие болды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Турнир регламентіне сәйкес, Бибісара екінші орын үшін 17 000 еуро алды. Ал жарыс жеңімпазы атанған үндістандық Вайшали Рамешбабу 28 000 еуроны қанжығасына байлады.

    Бұдан бөлек, барлық қатысушыға жинаған әрбір 0,5 ұпайы үшін 2200 еуродан қосымша сыйақы төленді. Асаубаеваның қоржынында сегіз ұпай бар, бұл оған тағы 35 200 еуро әкелді.

    Осылайша, қазақстандық спортшының жалпы табысы 52 200 еуроны құрады. Бұл жарияланым сәтіндегі бағам бойынша шамамен 29 миллион теңгеге тең.

    Салыстыру үшін, ерлер арасындағы үміткерлер турнирінде жүлде қоры бұдан әлдеқайда жоғары болған. Мәселен, онда әр 0,5 ұпай үшін 5000 еуродан берілді. Өзбекстандық Жавохир Синдаров жеңісі үшін 70 000 еуро және он ұпайы үшін 100 000 еуро алып, жалпы 170 мың еуро (шамамен 95 миллион теңге) табыс тапты.

    Фото: Noushad Thekkayil/NurPhoto via Getty Images

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →