Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    «Апаттан қираған үйлерді тез арада қалпына келтіруді тапсырды»: Тоқаев Өнеркәсіп және құрылыс министрін қабылдады

    «Апаттан қираған үйлерді тез арада қалпына келтіруді тапсырды»: Тоқаев Өнеркәсіп және құрылыс министрін қабылдады

    Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевты қабылдады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Қанат Шарлапаев өнеркәсіптік даму, геология, жер қойнауын пайдалану және құрылыс салаларындағы жұмыстың нәтижесі мен алдағы кезеңге арналған жоспары жөнінде баяндады:

    биылғы қаңтар-ақпан айларында Қазақстанның өңдеу өнеркәсібіндегі өсім 7,4 пайызды құраған. Өндіріс көлемін ұлғайтуда машина жасау, металлургия, химия және жеңіл өнеркәсіп сияқты салалардың үлесі зор. Жалпы құны 1,5 триллион теңге болатын 180 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Соның арқасында 17,8 мың жұмыс орны ашылмақ;
    былтыр 157 мың тұрғын үй салынған. Биыл 172 мың тұрғын үй салу көзделіп отыр. Сондай-ақ жалға берілетін 22 мың тұрғын үйдің құрылысына мемлекеттен 300 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. «Отбасы банкі» арқылы қаржыландыру көлемі 300 миллиард теңгені құрайтын бағдарлама іске қосылады. Бұл ел азаматтарына 12 мың ипотекалық займ беруге септігін тигізеді;
    жер қойнауын пайдалану құқығын беруге қатысты аукциондарды электронды форматта өткізу үшін E-Qazynakz цифрлық платформасының іске қосылған. Бұл бастама процестің ашықтығы мен қолжетімділігін едәуір арттырды;
    қазіргі уақытта су басқан өңірлерде жаңа тұрғын үй салу үшін жобалық-сметалық құжаттаманың құнын бекіту жұмыстары аяқталып келеді.

    Қасым-Жомарт Тоқаев апаттан қираған тұрғын үйлерді тез арада қалпына келтіруді тапсырды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →