Қазақстан темір жолына қарасты компанияның басшылары 56 млн теңге жымқырған
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» еншілес ұйымында ішкі тексеріс барысында 56 миллион теңгеден астам қаржының ұрланғанын анықтады. “Ішкі қызметтік тергеу нәтижелері бойынша “Қазақстан темір жолы” компаниясының еншілес ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-інде 56 миллион теңгеден астам қаржының ұрланғаны анықталды», – делінген хабарламада. ҚТЖ құқық қорғау органдарына қылмыстық-процессуалдық заңнама шеңберінде кінәлі тұлғаларды анықтап, материалдық шығынды өтеу…
