Қарағанды ​​облысында бір мезетте 19 көлік соқтығысты

Қарағанды облысында Екатеринбург-Алматы автожолында 19 жеңіл көлік соқтығысты, деп хабарлайды Qazaq  Today ақпарат порталы «ҚазАвтоЖол» компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ақпаратқа сәйкес, 23 қаңтар сағат 10:30-да Екатеринбург-Алматы автожолының қайта жаңарту учаскесінде (Қарағанды-Балқаш, 1492-1855 шақырым) Балқаштан Қарағанды қаласына көлік қозғалысы ашылды. Ауа райының жақсаруына және көліктердің жиналып қалуына байланысты осындай шешім қабылданған.

Толық оқу

Алматыда ақша бопсалаған блогерлер ұсталды

Полиция қызметкерлері жәбірленушінің арызы бойынша кәсіпкер мен екі блогерді ұстады, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы. Күдіктілер әлеуметтік желілерде компроматтар жариялаймыз деп қоқан-лоққы көрсетіп, 8 миллион теңге бопсалаған. Сондай-ақ олар жәбірленушіні сот шешімімен кәсіпкер төлеуге міндеттелген 20 миллион теңгені талап етуден бас тартуға көндірмек болған. ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бопсалау дерегі бойынша…

Толық оқу

Иракта 9 жасар қыздарды тұрмысқа беру заңдастырылды

Фото: proza.ru Иракта парламент депутаттары мемлекеттің жеке мәртебесі туралы заңға түзетулер енгізді. Сарапшылардың пікірінше бұл өзгеріс елдегі әйелдер құқықтарының қорғалуына нұқсан келтіреді,  деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Apnews.com жазғандай, Ирак парламенті осы аптаның сейсенбісінде үш заң қабылдады, оның ішінде «Елдің жеке мәртебесі туралы» заңға түзетулер енгізілген. Түзетулер ислам соттарына отбасылық мәселелерде, соның ішінде неке,…

Толық оқу

Қазақстан Орталық Азия елдері арасында орташа жалақы бойынша көш бастап тұр

Еліміздегі ең төменгі жалақы да Орталық Азия бойынша ең жоғары екен, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Ranking.kz мәліметінше, өткен жылдың қыркүйек айында еліміздегі орташа жалақы 817 доллар болды. Бұл Өзбекстан (437 доллар) мен Қырғызстаннан (411 доллар) екі есе дерлік көп. Ал Тәжікстанда жалақы мөлшері – 242 доллар.

Толық оқу

Оралда ер адам өз пәтеріне 100-ге жуық адамды тіркеген

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, көші-қон полициясының қызметкерлері азаматтарды тіркеу саласында заң бұзушылықтарды анықтады. Атап айтқанда, Орал қаласындағы пәтерлердің бірінде онда нақты тұрмайтын 95 адамның тіркелгені белгілі болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.  — Пәтер иесіне қатысты әкімшілік шара қолданып, айыппұл салынды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 493-бабына сәйкес тұрғын үй-жайлардың…

Толық оқу
Яндекс.Метрика