Жасалмаған жұмысқа қол қойған: Ұлытау облысында су тасқынына қатысты салғырттық танытқан шенеуніктің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Қаржы мониторингі агенттігі су тасқынына байланысты Ұлытау облысы Табиғи ресурстар басқармасының басшысына қатысты лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша қылмыстық істерді аяқтады. Агенттіктің дерегінше, тергеу барысында құрылыс нормаларының орындалмағаны, жобалау құжаттамасынан ауытқуларға жол берілгені анықталған. «Осылайша жобалаушы өзеннің су көлемінің өткізу қабілеті азайып кеткен. Себебі облыстың табиғи ресурстар басқармасының басшысы іс жүзінде жасалмаған жұмыстардың актілеріне…
