Шымкентте көпқабатты тұрғын үйден ер адамның денесі табылды

Фото: Абай облысы ПД

Шымкенттегі Асқаров және Мангелдин көшелерінің қиылысында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінен адам мәйіті табылды.Аталған жайтқа қатысты қалалық полиция департаменті қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

– Пәтерде өрттен кейін табылған ер адамның өлімі фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта істің мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – делінген Полиция хабарламасында.

Оқиғаның мән-жайы анықталған соң нақты процессуалдық шешім қабылданады.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика