Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қайрат» Конференциялар лигасында 27-орынға көтерілді, бірақ голдар айырмасы нашар • Шымкентте блогер Аско 4,5 жылға сотталды • «Иберия 1999» үш голдың қысқа мерзімде соғылуынан «Копенгагенге» есе жіберді • «Арарат-Армения» 93-минутта есепте алда болып, еврокубок матчында жеңіліс тапты • WTA қорытынды турнирінде дәстүрлі топтық фото жасалмайды • Сарри «Аталантаның» «Қайратпен» матчтағы қателіктерін мойындады • «Қайрат» Конференциялар лигасында 27-орынға көтерілді, бірақ голдар айырмасы нашар • Шымкентте блогер Аско 4,5 жылға сотталды • «Иберия 1999» үш голдың қысқа мерзімде соғылуынан «Копенгагенге» есе жіберді • «Арарат-Армения» 93-минутта есепте алда болып, еврокубок матчында жеңіліс тапты • WTA қорытынды турнирінде дәстүрлі топтық фото жасалмайды • Сарри «Аталантаның» «Қайратпен» матчтағы қателіктерін мойындады •

    «Ұлым жуас, тентектігі жоқ»: Атыраудағы қылмысқа күдіктінің әкесі

    «Ұлым жуас, тентектігі жоқ»: Атыраудағы қылмысқа күдіктінің әкесі

    Атырау облысындағы бүтін бір отбасы мүшелерінің жоғалуы, ерлі-зайыптылардың өз ауласынан өлі табылуы қоғамда үлкен резонанс тудырып отыр. Бұған дейін істегі басты күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев пен оның келіншегі Ақбаян Мұқанғалиеваға халықаралық іздеу жарияланған еді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    «Qazaq AIRAN» ютуб арнасының тілшілері Атырау облысындағы Жангелдин ауылына арнайы барып, күдіктінің әкесін әңгімеге тартты.  Самиғолла Сәрсемәліұлының сөзінше, баласы қалада әртүрлі жұмыс істеген. Ұлының жуас, момын екенін айтып отыр.

    – Сұлтан – менің төртінші, кенже балам. Алып бара жатқан тентектігі жоқ, жуас. Көп адаммен сөйлесе бермейді. Онымен соңғы рет 2025 жылдың қазан айында сөйлестім. Сол кезде келінді алып қалаға кетті. Келін ауыратындықтан, сол жақ емдетуге жақын. Келінге ота жасатып шыққанға 1 жыл болды. Жазылмағандықтан қалай болғанда да қарту керек қой. Емі бар ма, курсы бар ма алатын. Сол кезде келін 1-топ мүгедегі дегенді алды, – дейді ол.

    Еске салсақ, Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында бір отбасы із-түссіз жоғалып кеткен еді.

    Артынша ерлі-зайыптылардың мәйіттері көмілген күйде өз қорасынан табылды. Олардың балалары әлі де іздестіріліп жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →