Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 14 қараша 2026 $ 443,4↓€ 490,4↓₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жұлдыз Әбдікәрімованың Қарақалпақстандағы суреттері желіде талқыға түсті • Данияр Ашимбаев Тоқаевтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымын бағалады • Марат Омаров бұрынғы және қазіргі әйелдерімен қарым-қатынасы туралы айтты • Свитолина Соболенконы жеңіп, WTA қорытынды турнирінің жартылай финалына шықты • Дариға Бадықова Айшолпанмен бірге жаңа образын көрсетті • Рембрандттың «Түнгі күзет» картинасынан 20-дан астам бактерия түрі табылды • Жұлдыз Әбдікәрімованың Қарақалпақстандағы суреттері желіде талқыға түсті • Данияр Ашимбаев Тоқаевтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымын бағалады • Марат Омаров бұрынғы және қазіргі әйелдерімен қарым-қатынасы туралы айтты • Свитолина Соболенконы жеңіп, WTA қорытынды турнирінің жартылай финалына шықты • Дариға Бадықова Айшолпанмен бірге жаңа образын көрсетті • Рембрандттың «Түнгі күзет» картинасынан 20-дан астам бактерия түрі табылды •

    «Жүрек жұтқан жігітпін»: Сәкен Майғазиев Нұрлан имамның алдында уағыз айтты (ВИДЕО)

    «Жүрек жұтқан жігітпін»: Сәкен Майғазиев Нұрлан имамның алдында уағыз айтты (ВИДЕО)

    Фото: видеодан скрин

    МузАрт тобының солисі, танымал әнші Сәкен Майғазиев әлеуметтік желідегі парақшасында Нұрлан имаммен бірге отырған сәтінен видео жариялап, көпшіліктің назарын аударды. Бұл туралы Qazaqtoday.info ақпарат порталы хабарлайды.

    Жазбада әнші Нұрлан имамның алдында сөз сөйлеп, адам болмысы, өзара құрмет пен толеранттылық тақырыбында ой қозғаған. Сонымен қатар ол видео астында айтқан пікірінің мәнін кеңінен түсіндіріп өтті.

    «Маған сөз берілген сәтте Нұрлан имамның алдында ашылып сөйлеу — өзім үшін де үлкен жауапкершілік болды. Элиф Шафактың бір сөзі бар: “Алла тағала барлық адамды бірдей етіп жаратуға да құдіреті жетер еді, алайда Ол әртүрлі болуын қалаған”. Сондықтан біреуді екіншісінен төмен санау — қате. Керісінше, бір-бірімізді толықтырып, жақсы қасиеттерімізді арттырып, кемшілігімізді жаба білу — адамгершіліктің белгісі. Айтарым осы», — деп жазды әнші.

    Алайда бұл жазба желі қолданушылары арасында әртүрлі пікір туғызды. Бірі әншінің ойымен келісіп, қолдау білдірсе, енді бірі сыни көзқарасын ашық айтты.

    Пікір қалдырғандардың арасында:
    «Қазіргі отырыстарда жасандылық көп»,
    «Әніңді айтып жүре берсеңші»,
    «Әртістердің сөзі мен ісі үнемі үйлесе бермейді»,
    «Нұрлан имамды шамадан тыс дәріптеудің қажеті жоқ»
    деген жазбалар да кездеседі.

    Осылайша, Сәкен Майғазиевтің ізгі ниетпен айтқан пікірі қоғамда сан алуан көзқарас қалыптастырып, қызу талқылауға себеп болды.

     

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

     

    Публикация от Сәкен Майғазы | МузАРТ (@saken_maigaziyev)

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →