Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 21 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    FlyArystan ұшағы Павлодарға 300 шақырым жетпей кері қайтты • Шымкентте газдан уланған екі бала қайтыс болды • Кесте тігу – қазақ әйелдерінің байырғы медитациясы әрі табыс көзі • Алматы облысында TikTok-та балағат сөздер айтқан әйелге 86 500 теңге айыппұл салынды • Алматы – Павлодар рейсі мұздануға қарсы өңдеу жоқтықтан кері қайтарылды • Футзалдан Қазақстан құрамасы 2028 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде Беларусьті 5:4 есебімен жеңді • FlyArystan ұшағы Павлодарға 300 шақырым жетпей кері қайтты • Шымкентте газдан уланған екі бала қайтыс болды • Кесте тігу – қазақ әйелдерінің байырғы медитациясы әрі табыс көзі • Алматы облысында TikTok-та балағат сөздер айтқан әйелге 86 500 теңге айыппұл салынды • Алматы – Павлодар рейсі мұздануға қарсы өңдеу жоқтықтан кері қайтарылды • Футзалдан Қазақстан құрамасы 2028 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде Беларусьті 5:4 есебімен жеңді •

    Қазақстандық экс-чемпион бокстан кету туралы шешім қабылдады

    Қазақстандық экс-чемпион бокстан кету туралы шешім қабылдады
    © Ethan Miller / Staff / Getty Images Sport

    Қазақстандық экс-чемпион Сергей Липинец мансабын аяқтайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Кәсіпқой бокстан бұрынғы әлем чемпионы, Қазақстан өкілі Сергей Липинец (18–5–1, 13 KO) әлеуметтік желідегі жазбасында мансабына қатысты пікір білдірді.

    Instagram қолданушыларының бірі «Келесі жекпе-жек қашан?» деген сұрақ қойған. Бұған жауап берген Липинец:

    «Меніңше, кәсіпқой спорттағы мансабымды аяқтайтын уақыт келді. Мен кикбоксингтен (әуесқойлар мен кәсіпқойлар арасында) әлем чемпионымын. Сондай-ақ кәсіпқой бокстан да әлем чемпионы атандым», – деп жазды.

    Еске сала кетейік, Сергей Липинец соңғы жекпе-жегін өткен жылдың қазан айында Канададағы Монреаль қаласында, Montreal Casino аренасында өткен бокс кешінде өткізген. Ол бұл кездесуде Канадада тұратын, тегі ресейлік Артур Биярслановке (20–0, 16 KO) төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жол берген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →