Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады

    Израиль премьер-министрі Тоқаевқа қоңырау шалды: «Бұл – нағыз көреген шешім»

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Биньямин Нетаньяху телефон арқылы сөйлесті. Израиль премьері Қазақстанның «Ибраһим келісімдеріне» қосылуын жоғары бағалады.

    Израиль премьер-министрі Тоқаевқа қоңырау шалды: «Бұл – нағыз көреген шешім»
    file_59.jpg

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті. Негізгі тақырыптардың бірі Қазақстанның «Ибраһим келісімдеріне» қосылуы болды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Телефон арқылы сұхбат Израиль тарапының бастамасымен өтті. Екі ел басшылары Қазақстан мен Израиль арасындағы көпжылдық ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, екіжақты күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ықпалдастықты одан әрі арттыруға уағдаласты.

    Биньямин Нетаньяху Қазақстанның «Ибраһим келісімдеріне» қосылуы туралы шешімі үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ерекше алғысын білдірді. Израиль премьер-министрі бұл қадамды халықаралық диалогты нығайту жолындағы маңызды оқиға деп бағалады.

    «Бұл – бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту ісіндегі батыл әрі көреген шешім», — деді Биньямин Нетаньяху.

    Сонымен қатар, тараптар екі ел арасындағы байланыстарды жандандыруға, соның ішінде жоғары деңгейдегі сапарлар ұйымдастыруға келісті.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →