Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Қызылордадағы қос кісі өлімі: Бала WhatsApp арқылы көмек сұрап үлгерген

    Қызылордада көршісі анасы мен қызын пышақтап өлтірді. Қылмыс кезінде пәтерде болған бала WhatsApp арқылы көмек сұрап үлгерген.

    Қызылордадағы қос кісі өлімі: Бала WhatsApp арқылы көмек сұрап үлгерген

    Қызылордада әйел мен оның 34 жастағы қызын пышақтап өлтірді деген күдікпен көршісі оқиға орнында ұсталды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 8 қаңтарға қараған түні қайғылы оқиға туралы полицияға марқұмдардың көршілері хабар берген. Оқиға орнына дереу жеткен патрульдік полиция экипажы күдіктіні қылмыс үстінде қолға түсірді.

    «Аталған дерек бойынша кісі өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды. Барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді», – делінген ресми хабарламада.

    Сотқа дейінгі тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының тікелей бақылауында.

    Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, қылмыс болған сәтте пәтерде марқұмдардың кәмелетке толмаған ұлы мен немересі болған. Ол көршілерінен WhatsApp мессенджері арқылы көмек сұрап үлгерген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →