Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 4 қыркүйек 2026 $ 455,1 527,8 5,21
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Оралда 10 жасар бала электр қосалқы станциясында токқа ұрынып қаза тапты Кенжебек Жанәбілов Ақтауға оралды: «МузАРТ» тобы толық құрамда өнер көрсетуге дайын Ақбаян Мұқанғалиева емдеу мекемесінен шығып, балаларымен кездесті Астанада саяхатшының велосипеді жоғалды деген ақпарат расталмады Қырық үш мақсат және он мектеп: жасанды интеллект қазақстандық сыныпқа қалай кірді және одан не күтуге болады? Атырауда Қызыл кітапқа енген лотостың жаңа алқабы пайда болды Оралда 10 жасар бала электр қосалқы станциясында токқа ұрынып қаза тапты Кенжебек Жанәбілов Ақтауға оралды: «МузАРТ» тобы толық құрамда өнер көрсетуге дайын Ақбаян Мұқанғалиева емдеу мекемесінен шығып, балаларымен кездесті Астанада саяхатшының велосипеді жоғалды деген ақпарат расталмады Қырық үш мақсат және он мектеп: жасанды интеллект қазақстандық сыныпқа қалай кірді және одан не күтуге болады? Атырауда Қызыл кітапқа енген лотостың жаңа алқабы пайда болды

    «Бәрімізге ұнап келе жатыр»: Қабатовтың тоқалы көпті өзіне қаратты (ВИДЕО)

    «Бәрімізге ұнап келе жатыр»: Қабатовтың тоқалы көпті өзіне қаратты (ВИДЕО)

    Фото: видеодан скрин

    Тұрсынбек Қабатовтың жары Айман кезекті рет көпшілікті тәнті етіп, жаңа қырынан танылды. Бұл туралы Qazaqtoday.info ақпарат порталы хабарлайды.

    Бұл жолы ол ат үстінде шауып, шеберлігін көрсеткен. Айманның айтуынша, жылқыны тану мен атқа міну – қазақ болмысына тән қасиет.

    «Жылқы жайлы көп айтасың дегендерге… Жылқы тани білгеннің қай жері жаман? Мүше мен жілікті ажырата алсаң, керемет емес пе? Үйіңе келген қонаққа не ұсынарыңды білгенің жақсы емес пе? Аттың үстінде шабу да – үлкен өнер мен ерлік», – деп жазды ол.

    Айманнан мұндай қабілет күтпеген желі қолданушылары оның өнеріне таңдай қағып, жылы лебіздерін жаудырды.

    «Бәрімізге күннен-күнге ұнап келе жатыр», «Ер мінезі көрінеді», «Тұрсекемен бақытты ғұмыр кеш», «Ғашық болатындай қыз ғой», «Өзі де, сөзі де, ісі де әдемі», «Күшті шабады екен», «Тұрсынбек бекер ғашық болмапты, таланты көп сияқты», «Ақылды қыз екен», – деп жазды оқырмандар.

     

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

     

    Публикация от Айман (@t_a_d_d_s_)

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →