Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Астана – Петропавл тасжолында ауыр апат болды: төрт адам қаза тапты

    СҚО-дағы Астана – Петропавл трассасында Toyota Camry қарсы жолаққа шығып, Shacman жүк көлігімен соқтығысты. Төрт адам қаза тапты.

    Астана – Петропавл тасжолында ауыр апат болды: төрт адам қаза тапты

    Солтүстік Қазақстан облысында Астана – Петропавл автожолында болған жол апаты төрт адамның өмірін қиды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Алдын ала мәліметке қарағанда, Toyota Camry жеңіл көлігі қарсы бағытқа шығып кетіп, Shacman маркалы жүк көлігімен соқтығысқан.

    Апат салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.

    Полиция бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір оқиғаның нақты мән-жайы анықталып жатыр.

    СҚО полициясы жүргізушілерге жолда асығыс шешім қабылдап, қауіп төндіретін маневр жасамауды, арақашықтық сақтауды және жылдамдықты жол жағдайына сай таңдауды ескертті.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →