Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 2 қараша 2026 $ 453,7↑€ 508,3↑₽ 5,65↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мумбайдан асып түсті: Алматы әлемдегі ауасы ең лас қалалардың үштігіне енді • Ташкентте жарысқа келген Қарағандылық 15 жас футболшы ауруханаға түсті • Уәде қайда, әкім мырза? Қараша келсе де, СҚО-дағы күрежол әлі жөнделмеді! • Елордадағы масқара: EXPO Boulevard-1 тұрғын үй кешенінің паркингін қайтадан кәріз суы басты • Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды • Астанада жеке тұрғын үй өртенді • Мумбайдан асып түсті: Алматы әлемдегі ауасы ең лас қалалардың үштігіне енді • Ташкентте жарысқа келген Қарағандылық 15 жас футболшы ауруханаға түсті • Уәде қайда, әкім мырза? Қараша келсе де, СҚО-дағы күрежол әлі жөнделмеді! • Елордадағы масқара: EXPO Boulevard-1 тұрғын үй кешенінің паркингін қайтадан кәріз суы басты • Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды • Астанада жеке тұрғын үй өртенді •

    Екі көлік өртеніп кеткен: Атырау облысында жол апатынан 1 әйел көз жұмды

    Екі көлік өртеніп кеткен: Атырау облысында жол апатынан 1 әйел көз жұмды

    Фото: Видеодан алынған кадр

    4 қаңтар күні шамамен сағат 19:15-те республикалық маңызы бар Атырау – Орал автожолында, Qazaq Oil жанармай құю бекетінің маңында жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 2004 жылы туған жүргізуші басқарған Mercedes маркалы автокөлік қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, 1979 жылы туған азамат тізгіндеген «Газель» көлігімен соқтығысқан.

    Қатты соққының салдарынан екі автокөлік те оқиға орнында жанып кеткен. Жол апаты кезінде «Газель» көлігінде болған 1966 жылы туған жолаушы әйел адам қаза тапты.

    Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті материалдар жиналуда. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

    Полиция жол қозғалысына қатысушыларды ережелерді қатаң сақтауға және қарсы қозғалыс жолағына шығу кезінде барынша мұқият болуға шақырды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →