Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Қазақстанның сыртқы саясатының 2026 жылғы басым міндеттері айқындалды

    Қазақстанның сыртқы саясатының 2026 жылғы басым міндеттері айқындалды

    Фото: ЖИ

    Сыртқы істер министрлігінде өткен салтанатты іс-шара барысында сыртқы саяси ведомствоның басшысы Ермек Көшербаев министрліктің биылғы жылғы қызметінің негізгі қорытындыларына тоқталып, 2026 жылға арналған жоспарларды айқындады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    СІМ басшысы 2025 жыл стратегиялық серіктестіктерді нығайту, экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, халықаралық қауіпсіздікті арттыру және ел мүдделерін жан-жақты ілгерілету бағытындағы дипломатиялық қызметтің белсенді әрі нәтижелі кезеңі болғанын атап өтті.

    Ведомствоның жұмысы сыртқы саясаттың негізгі басымдықтары — егемендік пен қауіпсіздікті нығайтуға, шетелдегі ҚР азаматтарын қолдауға және көпжақты форматтар шеңберінде сындарлы ынтымақтастыққа негізделді.

    Е.Көшербаев 2026 жылға арналған басым міндеттерді де айқындады.

    – Олардың қатарында экономикалық дипломатияны дамыту, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, ведомствоаралық үйлестіруді күшейту және Қазақстанның сыртқы саяси бастамаларын ілгерілету, – деді Көшербаев.

    Министр СІМ ұжымына келер жылы жаңа кәсіби табыс, амандық пен береке тіледі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →