Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 447,7 511,6 5,31
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанның мемлекеттік қарызы 38,5 трлн теңгеден асты «Түк дауысы жоқ»: Қайрат Нұртаспен бірге ән айтқан блогер Сабина сынға қалды (ВИДЕО) Еңбекшіқазақ ауданының әкімі тағайындалды Яковлев пен Чернухин Азия ойындарында академиялық есуден Қазақстан қоржынына алтын жүлде салды Алматыда ер адам айып тұрағынан көлігін рұқсатсыз алып кетті Абдурашид Абдуллаев Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды Қазақстанның мемлекеттік қарызы 38,5 трлн теңгеден асты «Түк дауысы жоқ»: Қайрат Нұртаспен бірге ән айтқан блогер Сабина сынға қалды (ВИДЕО) Еңбекшіқазақ ауданының әкімі тағайындалды Яковлев пен Чернухин Азия ойындарында академиялық есуден Қазақстан қоржынына алтын жүлде салды Алматыда ер адам айып тұрағынан көлігін рұқсатсыз алып кетті Абдурашид Абдуллаев Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

    «Өте әсерлі көрініс»: Қайрат Нұртас қарттар үйінде ән шырқады

    «Өте әсерлі көрініс»: Қайрат Нұртас қарттар үйінде ән шырқады

    Фото: видеодан скрин

    Танымал әнші Қайрат Нұртас Маңғыстау облысына жасаған қызметтік сапары аясында қарияларға мерекелік көңіл күй сыйлады. Ол өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбаймен бірге №2 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына арнайы барып, ондағы қарттарды Жаңа жылмен құттықтады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Аталған мекемеде қазіргі таңда ерекше күтімді қажет ететін 138 қария тұрады. Мерекелік кездесуде облыс әкімі ақсақалдарға сый-сияпат ұсынып, ізгі тілегін білдірді. Ал ұйымдастырылған концерттік бағдарлама кештің сәнін кіргізді.

    Шараның ерекше қонақтары – халықтың сүйікті әншісі Қайрат Нұртас пен өнер иесі Наркенже Серікбаева қарияларға арнап ән шырқап, жүрекке жылу ұялатты. Өнерпаздардың қарапайымдылығы мен шынайы ықыласы жиналған жұрттың көңілін ерекше толқытты.

    Құттықтау сөзінде Нұрдәулет Қилыбай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік қолдауға баса назар аударатынын атап өтті.

    «Қамқорлықты қажет ететін жандарға қолдау көрсету – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Жаңа жыл – үміт пен сенімге толы кезең. Баршаңызға зор денсаулық пен берекелі жыл тілеймін», – деді өңір басшысы.

    Бұл игі іс желі қолданушыларының да жүрегінен орын тапты. Олар пікірлерінде:
    • «Қариялардың жүзі жадырап қалды»
    • «Өте әсерлі көрініс»
    • «Қайраттың қарапайымдылығы тәнті етеді»
    • «Бүгін көрген ең жылы видео»
    • «Қарияның батасы – ең үлкен күш», деп жазды.

    Көпшілік бұл кездесуді шынайылыққа толы, жүрекке жеткен сәт ретінде бағалап, өнер адамдары мен жергілікті биліктің мұндай бастамалары қоғам үшін үлкен үлгі екенін атап өтті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →