Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 13 қазан 2026 $ 449,8↓€ 502,6↓₽ 5,36↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильда Ақордада асыл тұқымды арғымақтарды тамашалады • Трамп Ресей мен Қытайдың Иранға көмектесіп жатқанына сенбейтінін айтты • Шымкентте Мемлекеттік кірістер департаменті инвестордың жолын байлап, шоттарын жауып тастаған • «Күнкөріске ақшамыз қалмады»: Қарағанды облысында жұмысшылар айлап жалақы алмаған • Қазақстан – Бельгия: бірлескен мәлімдеме • Маңғыстауда Каспий жағалауынан 15 итбалықтың өлексесі табылды • Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильда Ақордада асыл тұқымды арғымақтарды тамашалады • Трамп Ресей мен Қытайдың Иранға көмектесіп жатқанына сенбейтінін айтты • Шымкентте Мемлекеттік кірістер департаменті инвестордың жолын байлап, шоттарын жауып тастаған • «Күнкөріске ақшамыз қалмады»: Қарағанды облысында жұмысшылар айлап жалақы алмаған • Қазақстан – Бельгия: бірлескен мәлімдеме • Маңғыстауда Каспий жағалауынан 15 итбалықтың өлексесі табылды •

    Қызылордада жарық дағдарысы: тұрғындар тоңып отыр, ал әкімдік бұған нақты шешім ұсына алмай келеді

    Қызылордада жарық дағдарысы: тұрғындар тоңып отыр, ал әкімдік бұған нақты шешім ұсына алмай келеді
    Коллаж: sn.kz

    Қызылорданың Сабалақ елді мекенінде қарапайым халық 15 қарашадан бері электр қуатының төмендеуінен әбден титықтады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

    Тұрғындардың айтуынша, кешкі 17:00-ден кейін жарық бірде өшіп, бірде қайта қосылып, стабилизатор 170-тен жоғары көтерілмейтін жағдайға жеткен. Электр қуатының әлсіздігінен үйдегі ешбір техника істемей, газ да болмағандықтан, жұрт суы қайнаған пешке қарап күйіп-пісуде.

    Балалар суық баспаналарда тоңып отыр, ал кондиционер арқылы жылытуға тырысқан отбасылар электр жүктемесі көтерілмегендіктен тағы да қиындыққа тап болған. Жергілікті билік бұл мәселені шешудің орнына жағдайға тек сырттай бақылаушы болып қалғандай әсер қалдырып отыр.

    Қаланың шет аймақтарын өзекті инфрақұрылымнан ажыратылған екінші сортты өңірге айналдыруға кім жауапты екенін әкімдік нақты түсіндірмеді.

    Тұрғындар биліктен “тас ғасырындағы өмірді” тоқтатып, жүйелі шешім қабылдауды талап етуде.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →