Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 25 қыркүйек 2026 $ 445,6↓€ 507,0↓₽ 5,25↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Димаш Құдайберген Ақтаудағы сарбаздардың қазасына көңіл айтты • Қазақстан қылышпаздары Азия ойындарында Катарды 45:42 есебімен жеңді • Vogue редакторлары ультрақысқа әйел шаш қиюын сән трендіне жатқызды • Каспийдегі әскери оқу-жаттығуда қаза тапқан спортшы Аяпберген Сержан Талғатұлы • Өскеменде «Еңбек – ел мұраты» байқауының жеңімпаздары марапатталды • Halyk қоры қаза тапқан әрбір сарбаздың отбасына 25 млн теңгеден бөліп, банк қарыздарын кешірді • Димаш Құдайберген Ақтаудағы сарбаздардың қазасына көңіл айтты • Қазақстан қылышпаздары Азия ойындарында Катарды 45:42 есебімен жеңді • Vogue редакторлары ультрақысқа әйел шаш қиюын сән трендіне жатқызды • Каспийдегі әскери оқу-жаттығуда қаза тапқан спортшы Аяпберген Сержан Талғатұлы • Өскеменде «Еңбек – ел мұраты» байқауының жеңімпаздары марапатталды • Halyk қоры қаза тапқан әрбір сарбаздың отбасына 25 млн теңгеден бөліп, банк қарыздарын кешірді •

    Елена Рыбакина World Tennis League турнирінің фавориті ретінде тіркелді

    Елена Рыбакина World Tennis League турнирінің фавориті ретінде тіркелді

    Фото: ҚТФ

    Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Үндістанда алғаш рет өтетін World Tennis League (WTL) турниріне қатысатын болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

    Желтоқсан айында Бангалор қаласында ұйымдастырылатын турнирде әлемнің әйгілі теннисшілері өнер көрсетпек. Олардың қатарында Елена Рыбакина, АҚШ-тың ашық чемпионатының жеңімпазы Даниил Медведев және Уимблдон финалисі Ник Кириос бар.

    Аралас құрамды командалық форматтағы WTL лигасы соңғы үш маусым бойы Біріккен Араб Әмірліктерінде өткізілген еді. Енді көрерменге тартымды шоу-турнир 17–20 желтоқсан аралығында Бангалордағы SM Krishna Tennis Stadium аренасында жалғасқалы отыр.

    «Үндістандағы алғашқы маусымға әлемдік теннистің үздік жұлдыздарының қатысуы бұл шараны жылдың ең көп назар аударатын спорттық оқиғаларының біріне айналдырады», — деп жазды indiatoday басылымы.

    Бұған дейін әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина бір турнир үшін алынған ең ірі гонорар бойынша жаңа тарихи рекорд орнатып, Гиннестің рекордтар кітабына ресми түрде енген болатын. Ол жақында маусымның басты жарысы – WTA Finals турнирінде топ жарып, бір апта ішінде жеңіліссіз өткен жолының арқасында 5,235 миллион доллар (шамамен 2,7 млрд теңге) сыйақы алғанымен ерекшеленді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →