Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 14 қараша 2026 $ 443,4↓€ 490,4↓₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мирра Андреева жартылай финал алдындағы қорқынышын айтты • WBC уақытша чемпионы Рамос Нұрсұлтановпен жекпе-жегі тоқтатылған соң Хоганмен шаршы топқа шығады • Жұлдыз Әбдікәрімованың Қарақалпақстандағы суреттері желіде талқыға түсті • Данияр Ашимбаев Тоқаевтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымын бағалады • Марат Омаров бұрынғы және қазіргі әйелдерімен қарым-қатынасы туралы айтты • Свитолина Соболенконы жеңіп, WTA қорытынды турнирінің жартылай финалына шықты • Мирра Андреева жартылай финал алдындағы қорқынышын айтты • WBC уақытша чемпионы Рамос Нұрсұлтановпен жекпе-жегі тоқтатылған соң Хоганмен шаршы топқа шығады • Жұлдыз Әбдікәрімованың Қарақалпақстандағы суреттері желіде талқыға түсті • Данияр Ашимбаев Тоқаевтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымын бағалады • Марат Омаров бұрынғы және қазіргі әйелдерімен қарым-қатынасы туралы айтты • Свитолина Соболенконы жеңіп, WTA қорытынды турнирінің жартылай финалына шықты •

    Екатерина Биволды ұстауға қатысты ресейлік полициямен байланыс бар – ҚР ІІМ

    Екатерина Биволды ұстауға қатысты ресейлік полициямен байланыс бар – ҚР ІІМ

    Фото: bivol_kate парақшасынан

    Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жары Екатерина Биволға қозғалған қылмыстық іске қатысты түсінік берді, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

    Бүгін Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер іздеу жарияланған Екатерина Биволға қатысты ресейлік ішкі істер органдарымен қандай іс-қимылдар жасалып жатқанын сұрады.

    — Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр, сонымен қатар халықаралық іздеу жарияланды. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұстау түрі таңдалды. Арнайы арналар арқылы Ресейдің полиция қызметкерлерімен байланыстамыз. Екатерина Бивол ұсталса, Бас прокуратура органдары арқылы экстрадиция мәселесі шешіледі, — деді Санжар Әділов.

    Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл қараша айының басында белгілі боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі Екатерина Биволға Қазақстанмен қатар Қырғызстан елі де іс қозғап, іздеу салып жатқаны мәлім болды.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →