Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 16 қазан 2026 $ 451,4↑€ 506,7↑₽ 5,40↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Семейде балконда тұрған газ баллоны тұтанып кеткен • «Кеудесінен ұрғаны несі?»: сабақ өткізбек болған Айгүл Иманбаева сөз естіді (ВИДЕО) • Жөкей көлінен 33 келі балық ауладғандар алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін • Ыстамбұлдағы нөсер жауынның кесірінен ұшақ рейстері жаппай тоқтап жатыр • «Бір перзентінің қызығын көрмеді»: Ырысбала әкесі жайлы айтып жылап қалды (ВИДЕО) • Семейде сәбиді қоқысқа тастаған бұрынғы полицей өмір бойына сотталды • Семейде балконда тұрған газ баллоны тұтанып кеткен • «Кеудесінен ұрғаны несі?»: сабақ өткізбек болған Айгүл Иманбаева сөз естіді (ВИДЕО) • Жөкей көлінен 33 келі балық ауладғандар алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін • Ыстамбұлдағы нөсер жауынның кесірінен ұшақ рейстері жаппай тоқтап жатыр • «Бір перзентінің қызығын көрмеді»: Ырысбала әкесі жайлы айтып жылап қалды (ВИДЕО) • Семейде сәбиді қоқысқа тастаған бұрынғы полицей өмір бойына сотталды •

    Алмалы ауданында жаңа мектеп орындары құрылып, балабақшалар жаңғыртып жатыр

    Алмалы ауданында жаңа мектеп орындары құрылып, балабақшалар жаңғыртып жатыр

    Фото: Алматы әкімдігі

    Алматы қаласында білім беру инфрақұрылымын дамыту бойынша жүйелі жұмыстар істеліп жатыр. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алмалы ауданы әкімі Арман Шамшин осылай деп хабарлады.

    Аудан әкімінің айтуынша, Алмалы ауданындағы 48 мектепте 39 182 оқушы білім алып жатыр. Оның ішінде 30 мемлекеттік мектепте – 34 892, 18 жекеменшік мектепте – 4 290 оқушы оқиды.

    2025 жылы бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылды:
    * 1 500 орындық жаңа жайлы мектеп салынды; (№216)
    * 2 500 балаға арналған «Шабыт» қосымша білім беру орталығы ашылды.

    Қазіргі таңда №58 мектепке 600 орындық қосымша ғимарат салу және қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр, оларды 2025 жылдың желтоқсанында аяқтау жоспарланған.
    Сонымен қатар 2025 жылдың шілде айында №16 мектепке 300 орындық қосымша ғимараттың құрылысы басталды, оны келесі жылы аяқтау көзделіп отыр.
    2025 жылдың тамыз айында №124 мектепті жаңғырту жұмыстары басталды, жобаның аяқталуы 2026 жылға жоспарланған.

    Қосымша №128, №134 және №135 мектептерін сейсмикалық тұрғыдан күшейту бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.

    Мектепке дейінгі білім беру саласы бойынша ауданда 62 балабақша жұмыс істейді, онда 8 168 бала тәрбиеленеді. Оның ішінде 27 мемлекеттік және 33 жекеменшік балабақша бар, соның 28-і мемлекеттік тапсырыс аясында қызмет көрсетеді.

    Биыл №13, №21, №43 балабақшалар мен мемлекеттік меншікке қайтарылған «Теремок» балабақшасын (Мәуленов көшесі, 57) жөндеу және сейсмикалық күшейту бойынша құжаттама дайындалып жатыр.
    Сонымен қатар №10 балабақшаны қайта жаңарту жұмыстары жүріп жатыр, ол 2026 жылдың маусымында аяқталады.

    Тастақ ықшамауданында да 240 орындық жаңа балабақша салу жобасы бойынша конкурсқа дайындық жүргізілуде, нысанды 2026 жылдың шілдесінде аяқтау жоспарланған. Бұған қоса, аудандағы 13 балабақшада жөндеу жұмыстары қолға алынды.

    Аудан әкімдігі Алмалы тұрғындары үшін сапалы білім беру инфрақұрылымын дамытып, балаларға қауіпсіз және жайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып келеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →