Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 453,3↑€ 508,7↑₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Өзбекстанда кино жүйесі өзгереді: мемлекеттік тапсырыс орнына субсидия • Непалдағы Гималайда хабар-ошарсыз кеткен екі жапониялық альпинистің қаза тапқаны анықталды • Алматыда халықаралық шахмат турнирі басталды: 25 млн теңге жүлде қоры • Үндістандағы Тамилнад штатында нөсер жаңбыр мен найзағайдан 14 адам қаза тапты • «Барыс» сырт алаңда «Автомобилистке» 1:4 есебімен жол берді • Бразилияда Ньюкасл ауруының екінші ошағы анықталды: Қытай мен Сауд Арабиясы шектеу қойды • Өзбекстанда кино жүйесі өзгереді: мемлекеттік тапсырыс орнына субсидия • Непалдағы Гималайда хабар-ошарсыз кеткен екі жапониялық альпинистің қаза тапқаны анықталды • Алматыда халықаралық шахмат турнирі басталды: 25 млн теңге жүлде қоры • Үндістандағы Тамилнад штатында нөсер жаңбыр мен найзағайдан 14 адам қаза тапты • «Барыс» сырт алаңда «Автомобилистке» 1:4 есебімен жол берді • Бразилияда Ньюкасл ауруының екінші ошағы анықталды: Қытай мен Сауд Арабиясы шектеу қойды •

    «Аудио, видео, диктофон бәрі бар»: Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі барлық шындықты жайып салмақ

    «Аудио, видео, диктофон бәрі бар»: Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі барлық шындықты жайып салмақ
    Фото: instagram.com.dariga.badykova

    Актриса Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі, актер Дархан Мұсаев ажырасу оқиғасына қатысты алғаш рет егжей-тегжейлі пікір білдірді. Ол алдағы уақытта өз шындығын халыққа деректі фильм арқылы көрсететінін айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Дархан Мұсаевтың сөзінше, фильмде аудио, видео және жазбалар арқылы олардың жеке өміріне қатысты барлық дәлелдер ұсынылады.

    «Құрметті ағайын! Алдағы уақытта сіздердің назарларыңызға ыстық сұхбат ұсынылады. Онда бәрі нақты — аудио, видео, диктафон және WhatsApp жазбалары арқылы көрсетіледі. Бұл деректі фильмде ешқандай қосымша монтаж болмайды. Шынайы сезімнің дәлелі ретінде бәрі ашық беріледі», — деді актер.

    Оның айтуынша, аталмыш жоба Қазақстанда мұндай форматта алғаш рет жасалып отыр.

    «Әр кейіпкер судан шыққан балықтай сырғып кетпеу үшін, ақ-қарасы ажыратылып көрсетіледі. Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екенін халықтың өзі шешеді», — дейді ол.

    Дархан Мұсаев бұрынғы жұбайы Дариға Бадықовамен 16 жыл бірге өмір сүргенін айтып, өткен күндерді еске алды.

    «Халықтың, туған-туыстың, сыныптас пен әріптестің алдында бәрін ашық айтып, ел бағасын берсін. 16 жыл бойы сенің артыңды жасырып келген менмін. Соңғы рет сені 2024 жылдың 30 қазанында сотқа ажырасуға барған кезде көрдім», — деді ол.

    Актер Бадықованың өзіне қатысты кейбір айыптауларына да жауап берді.

    «Ажырасып кеткеннен кейін мені асырадым деп айтыпсың. Егер рас болса, маған жіберген ақшаңның түбіртегін, чегін, қоңырау жазбасын көрсет. Кинода демеуші іздегенде мен ұйықтап жаттым дейсің бе? Егер солай болса, бірге барып ақша сұрағанымызды ел білмей ме?» — деп жазды Мұсаев.

    Актердің айтуынша, деректі фильм дайын болып қойған, ал онда көрсетілетін материалдар елдің көзқарасын түбегейлі өзгертуі мүмкін.

    «Бұл фильмнен кейін айтылған сөздерді ешкім жоққа шығара алмайды. Оны түсіруге көп ақша, уақыт пен маңдай тер кетті», — дейді Дархан Мұсаев.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →