Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 21 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Үш әйелді зорлағаны үшін 124 жылға сотталған Эндрю Ластер 20 жылдан кейін босатылды • FlyArystan ұшағы Павлодарға 300 шақырым жетпей кері қайтты • Шымкентте газдан уланған екі бала қайтыс болды • Кесте тігу – қазақ әйелдерінің байырғы медитациясы әрі табыс көзі • Алматы облысында TikTok-та балағат сөздер айтқан әйелге 86 500 теңге айыппұл салынды • Алматы – Павлодар рейсі мұздануға қарсы өңдеу жоқтықтан кері қайтарылды • Үш әйелді зорлағаны үшін 124 жылға сотталған Эндрю Ластер 20 жылдан кейін босатылды • FlyArystan ұшағы Павлодарға 300 шақырым жетпей кері қайтты • Шымкентте газдан уланған екі бала қайтыс болды • Кесте тігу – қазақ әйелдерінің байырғы медитациясы әрі табыс көзі • Алматы облысында TikTok-та балағат сөздер айтқан әйелге 86 500 теңге айыппұл салынды • Алматы – Павлодар рейсі мұздануға қарсы өңдеу жоқтықтан кері қайтарылды •

    Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

    Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

    Фото: Ақорда

    Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында дәйекті түрде дамып келе жатқанын атап өтіп, екіжақты байланыстардың қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин сауда-экономикалық, соның ішінде энергетика, өнеркәсіп және көлік салалары бойынша бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылуын қарастырды. Мәдени-гуманитарлық байланыстардың нығайып келе жатқанына мән берілді.

    Әңгімелесуде Қазақстан Президентінің Ресей Федерациясына жасайтын мемлекеттік сапарына дайындық барысына ерекше назар аударылды.

    Сондай-ақ тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →