Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 24 қазан 2026 $ 449,2↑€ 503,8↑₽ 5,49↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ресей дәрігері: үйленген әйелдер мен аналар ұзағырақ өмір сүреді • Оралда Республика күніне орай «Хан тоғайы» экологиялық саябағы ашылды • Алматыда Болат Назарбаевтың бейнесі түсірілген сағат 600 мың теңгеге сатылуда • Астанада демалыс күндері қар жауа ма? Синоптиктер болжамы • Атырауда мұнай өңдеу зауытының санитарлық аймағындағы үйлерді көшіру қарастырылуда • Петропавлда қыз қозғалыстағы көліктен секіріп, басқа көлік қағып кетті • Ресей дәрігері: үйленген әйелдер мен аналар ұзағырақ өмір сүреді • Оралда Республика күніне орай «Хан тоғайы» экологиялық саябағы ашылды • Алматыда Болат Назарбаевтың бейнесі түсірілген сағат 600 мың теңгеге сатылуда • Астанада демалыс күндері қар жауа ма? Синоптиктер болжамы • Атырауда мұнай өңдеу зауытының санитарлық аймағындағы үйлерді көшіру қарастырылуда • Петропавлда қыз қозғалыстағы көліктен секіріп, басқа көлік қағып кетті •

    Құс еті де күрт қымбаттай ма? — Арман Шаққалиев жауап берді

    Құс еті де күрт қымбаттай ма? — Арман Шаққалиев жауап берді

    Фото: видеодан скрин

    Сиыр еті бағасының күрт өсуінен кейін қазақстандықтар: «Тауық еті де қымбаттап кетпей ме?» – деп алаңдап отыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Үкіметтегі брифингте осы сұраққа нақты жауап берді. Министрдің айтуынша, қыркүйектің басынан бері тауық еті бағасының индексі небәрі 0,1% өскен, ал тамыздан бері бар-жоғы 1% ғана қымбаттаған.

    «Бұл – қалыпты көрсеткіш. Сондықтан құс етінде бағаның қатты құбылуын күтпейміз», – деді ол.

    Сонымен қатар, халық бір өнімнің бағасы көтерілсе, басқа өнімге ауысатынын да еске салды. Яғни, тауық еті сиыр етіне балама ретінде қолжетімді бола береді. Қазір елдің барлық өңірінде сиыр етіне қатысты жағдайға байланысты жедел желі іске қосылған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →