Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 5 қазан 2026 $ 448,9↑€ 505,4↑₽ 5,39↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада автобус жолақысы 150 теңгеге дейін қымбаттайтын болды • Янн Лекун: Жасанды интеллект адамзатты жояды деген қауіп жоқ • «Элиталық тұрақсыздық болды»: сарапшы Тоқаевтың билікті тұрақтандыру үшін төрт жыл жұмсағанын айтты (ВИДЕО) • Түркістан облысын сел басты: Қазығұрттағы ауылдар су астында қалды • «Балық қырылып болған соң ғана қимылдады ма?»: Ырғыздағы жағдайға тұрғындар алаңдап отыр • Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған халықаралық бәйгенің жеңімпаздары анықталды • Астанада автобус жолақысы 150 теңгеге дейін қымбаттайтын болды • Янн Лекун: Жасанды интеллект адамзатты жояды деген қауіп жоқ • «Элиталық тұрақсыздық болды»: сарапшы Тоқаевтың билікті тұрақтандыру үшін төрт жыл жұмсағанын айтты (ВИДЕО) • Түркістан облысын сел басты: Қазығұрттағы ауылдар су астында қалды • «Балық қырылып болған соң ғана қимылдады ма?»: Ырғыздағы жағдайға тұрғындар алаңдап отыр • Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған халықаралық бәйгенің жеңімпаздары анықталды •

    Қатаң режімдегі түрме: Семейде 21 жастағы қазақ студент өмір бойына сотталып кетті

    Қатаң режімдегі түрме: Семейде 21 жастағы қазақ студент өмір бойына сотталып кетті

    Фото: qamshy

    Абай облысының мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Семейде балаларға қарсы аса ауыр қылмыстар жасаған 21 жастағы заң факультетінің студентіне үкім шығарды, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Айыпталушы 2022 жылғы мамырда және 2025 жылғы қаңтарда 12 және 13 жастағы балаларға қатысты зорлау және сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған.

    Мемлекеттік айыптаушы оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.

    Сондай-ақ, оған балалармен жұмыс істеуге және педагогикалық қызметпен айналысуға өмір бойына тыйым салу ұсынылды. Жәбірленушілердің заңды өкілдері прокурордың ұстанымын қолдады. Айыпталушы өз кінәсін толық мойындамады және өзін ақтауды сұрады.

    Сот студентті кінәлі деп танып, қатаң режимдегі түзеу мекемесінде өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Оған балалармен байланысты кез келген қызметпен айналысуға өмір бойына тыйым салынды.

    Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →