Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 8 тамыз 2026 $ 469,2 540,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жаңа адамдар Caspian Sea Action Week 2026 халықаралық экология апталығына қатысты «Ақ періштем, мәңгі сағынышым»: Әнші Наркенже Серікбаева әсерлі жазба жариялады «Қорғансыз күндерім болды»: Дариға Бадықова жан сырын ақтарды Павлодарда каналға шомылуға барған ер адам ажал құшты Марқұм Нұрай Серікбайдың отбасы айыпталушыдан 10 млрд теңге өтемақы талап етті Атырау облысындағы мұнай нысандарының әуе қорғанысы құпия ма? Жаңа адамдар Caspian Sea Action Week 2026 халықаралық экология апталығына қатысты «Ақ періштем, мәңгі сағынышым»: Әнші Наркенже Серікбаева әсерлі жазба жариялады «Қорғансыз күндерім болды»: Дариға Бадықова жан сырын ақтарды Павлодарда каналға шомылуға барған ер адам ажал құшты Марқұм Нұрай Серікбайдың отбасы айыпталушыдан 10 млрд теңге өтемақы талап етті Атырау облысындағы мұнай нысандарының әуе қорғанысы құпия ма?

    Қытай мен Қазақстан — арқа сүйей алатын стратегиялық серіктестер — ҚХР төрағасы Си Цзиньпин

    Қытай мен Қазақстан — арқа сүйей алатын стратегиялық серіктестер — ҚХР төрағасы Си Цзиньпин

    Ақорда

    ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне және Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысуға ниет танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді, — деп хабарлайды Qazaq.today.

    Оның айтуынша, Бейжің қазақ-қытай мәңгі әрі жан-жақты серіктестігін тереңдетуге айрықша мән береді.
    «Араға екі ай салып қайта жүздесіп отырмыз. Бұл қытай-қазақ қатынастарының деңгейі жоғары әрі ерекше сипатта екенін көрсетеді. Сіздің төрағалығыңызбен екінші «Қытай – Орталық Азия» саммиті табысты өтті. Біз Қытай мен аймақ елдерінің ынтымақтастық рухына сай келетін және Қытай – Орталық Азия диалогының жаңа кезеңіне жол ашатын маңызды құжаттар қабылдадық. Сондай-ақ қытай-қазақ қатынастарына тың серпін беретін жаңа стратегиялық уағдаластықтарға қол жеткіздік. Халықаралық ахуал қалай құбылатынына қарамастан, Қытай мен Қазақстан бір-біріне әрдайым сенім артып, арқа сүйей алатын стратегиялық серіктестер», -деді Си Цзиньпин.
    Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту жолдары қарастырылды. Тауар айналымын ұлғайтудың және көлік-логистика, энергетика, цифрландыру, жасанды интеллект, ауыл шаруашылығы салаларында ірі инвестициялық жобаларды іске асырудың маңызына назар аударылды.

    «Екі ел тату көршілік және достық байланыстарға әрқашан бейіл. Біз ашықтық пен өзара тиімді ынтымақтастық қағидаттарынан айнымай, тағдыры ортақ көршілес елдер қоғамдастығын құру бағытын ұстанамыз. Түпкі мүддеміз бен басты түйткілдерге қатысты мәселелерде бір-бірімізге жан-жақты қолдау көрсетуге әзірміз. Сонымен қатар қытай-қазақ қатынастарын мүлдем жаңа деңгейге көтеру үшін сан қырлы ынтымақтастығымызды кеңейтуге ниеттіміз», – деді ол.

    Мемлекеттер басшылары өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →