Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 2 қыркүйек 2026 $ 458,5 530,8 5,28
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Юлия Путинцева US Open-де сенсация жасағаны үшін бірден 190 мың доллар сыйақы алды «Таныспасаң, үстіңе су шашамын»: Алматыда ер адам әйелдің үстіне су төккен «Салығымыз қайда кетіп жатыр?»: Ұлытаудағы Жыланды жолы жүргізушілердің ашуын туғызды Қазақстанда 23 мыңға жуық азамат мерзімді әскери қызметке шақырылады VI Көшпенділер ойындары: Бүгін қазақстандықтар үшін маңызды жарыстар өтеді Алматы мен Санкт-Петербург ынтымақтастықты нығайтуда Юлия Путинцева US Open-де сенсация жасағаны үшін бірден 190 мың доллар сыйақы алды «Таныспасаң, үстіңе су шашамын»: Алматыда ер адам әйелдің үстіне су төккен «Салығымыз қайда кетіп жатыр?»: Ұлытаудағы Жыланды жолы жүргізушілердің ашуын туғызды Қазақстанда 23 мыңға жуық азамат мерзімді әскери қызметке шақырылады VI Көшпенділер ойындары: Бүгін қазақстандықтар үшін маңызды жарыстар өтеді Алматы мен Санкт-Петербург ынтымақтастықты нығайтуда

    «Қонағына қымбат пальто мен шапан сыйлай салды»: Тұрсын Алагөзовтің жомарттығы елді таң қалдырды (ВИДЕО)

    «Қонағына қымбат пальто мен шапан сыйлай салды»: Тұрсын Алагөзовтің жомарттығы елді таң қалдырды (ВИДЕО)

    Фотоколлаж: sn.kz

    Қазақстандық продюсер Баян мен бизнесмен Тұрсын Алагөзовтердің отбасында сәбилерінің туғанына бір жыл толуын атап өтті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Ата-ананың өзі қуанышты сәтті көпшілікке көрсетпесе де, мерекеден үзінділер достарының парақшасында жарияланды. Мәселен, сән дизайнері Аида Кауменова Алиса мен Алмаға көйлек, туфли және өзге де сыйлықтар беріліп жатқан видеоны бөлісті. Алайда қонақтар да құр қол қайтқан жоқ. Фэшн-продюсер Саят Досыбаевқа Тұрсын Алагөзов қымбат брендтен пальто мен шапан сыйлаған.

    «Қазақы қонақтық деген – үйге сыйлықпен келіп, одан да үлкен сыйлықпен қайту. Бір-біріміздің қуанышымызға ортақтасу – нағыз достық. Саят Досыбаев Алиса мен Алмаға екі жұп туфли әкеліп еді, өзі екі сәнді пальтомен қайтты», – деп жазды Аида Кауменова.

    Желі қолданушылары Тұрсын Алагөзовтің жомарттығын ерекше атап өтті:

    «Тұрсын шынымен де жомарт адам, ең бастысы – адамдық қасиетін жоғалтпайды, көкірек кермейді. Нағыз азамат», «Жомарттық – рухтың күші. Тұрсын аға, сіздей болғым келеді», «Мен де Баян Алагөзованың үйіне қонаққа барғым келеді», — деп жазды олар.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →