Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қауіпсіздікке ортақ жауапкершілік: «Қазақмыс» басшылар мен өндіріс мамандарын бір алаңға жинады • Экономикалық шолушы Юрий Масанов Қазақстанға мыс өңдеудің жаңа ережелері не үшін қажет екенін түсіндірді • Тоқаев Ақорданың ақпараттық блогында кадрлық өзгерістер жасады • Ресейде 5 адамнан маймыл шешегі анықталды • Рэпер NAVAI ісі тоқтатылды: әнші елімізден депортацияланды • Құрылтай құрамы жаңа депутатпен толықты • Қауіпсіздікке ортақ жауапкершілік: «Қазақмыс» басшылар мен өндіріс мамандарын бір алаңға жинады • Экономикалық шолушы Юрий Масанов Қазақстанға мыс өңдеудің жаңа ережелері не үшін қажет екенін түсіндірді • Тоқаев Ақорданың ақпараттық блогында кадрлық өзгерістер жасады • Ресейде 5 адамнан маймыл шешегі анықталды • Рэпер NAVAI ісі тоқтатылды: әнші елімізден депортацияланды • Құрылтай құрамы жаңа депутатпен толықты •

    «Бәрі жабылып мені боқтады»: Меруерт Түсіпбаева продюсер Баян туралы жазба жариялады (ВИДЕО)

    «Бәрі жабылып мені боқтады»: Меруерт Түсіпбаева продюсер Баян туралы жазба жариялады (ВИДЕО)
    Коллаж: sn.kz

    Актриса Қозы Көрпеш – Баян сұлу сериалына кеткен қаржыны мемлекетке қайтаруды талап етіп отыр. Оның айтуынша, бұл жоба бюджеттік қаражат есебінен түсірілген, бірақ сериал қоғамның, әсіресе зиялы қауымның сынына ұшыраған, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

    – Бұл сериал ұлттық арнада көрсетілді. Демек, халықтың салығынан жиналған ақшаға түсірілген. Ал негізгі рөлді сол кездегі әкімнің қызы ойнады. Мұндай «түсініксіз кастинг» қалай өтті?, – деп ашынды актриса.

    Ол режиссер әрі продюсер Баян Алагөзова бастаған топ өзіне шабуыл жасағанын да мәлімдеді.

    – Мен тек пікірімді айттым. Содан кейін Баян, Бағым, бәрі жабылып, боқтады. «Сен ешкім емессің», «нөлсің», «бездарная» деп айтты. Баянмен бірге оқыдым. Ол кезде мен музыка-драма бөлімінде оқып жаттым, ол енді ғана түскен. Мен көшеден келген адам емеспін, білімдімін. Қолымдағы құжаттармен любой адамды құлата аламын, – дейді ол.

    Актриса бұл жағдайдан кейін өзін қаралау науқаны басталғанын айтып отыр. Айтуынша, сыни пікір білдіргені үшін жеке басына тиісу жиілеп кеткен.

    Айта кетейік, бұған дейін актер Тұңғышбай Жаманқұлов Finx фильміне бөлінген қаржының жұмсалуына байланысты тергеуге тартылып, ақшаны қайтаруға мәжбүр болған еді. Ал дәл сондай жағдайда болған продюсер Баян Алагөзоваға қатысты шара қолданылмағаны қоғамда да сұрақ туғызуда.

     

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

     

    Публикация от Kazakh TV-shows (@qazreality)

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →