Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 30 қазан 2026 $ 455,3↓€ 507,3↓₽ 5,66↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қарағанды академиясының курсанты кәсіпқой бокс рейтингінде үздік ондыққа енді • Талғат Орынбасар Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде қола жүлде алды • Алтын Шағаева әлем чемпионатының финалына шыға алмады • Жәмилә Бақбергенова әлем чемпионатында қола жүлдеден құр қалды • Қазақ фехтовальщиктері Бахрейндегі Азия чемпионатында алтын, күміс және қола медаль алды • Астанада көлік нөмірін тетікпен жасырған BMW иесі қамалды • Қарағанды академиясының курсанты кәсіпқой бокс рейтингінде үздік ондыққа енді • Талғат Орынбасар Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде қола жүлде алды • Алтын Шағаева әлем чемпионатының финалына шыға алмады • Жәмилә Бақбергенова әлем чемпионатында қола жүлдеден құр қалды • Қазақ фехтовальщиктері Бахрейндегі Азия чемпионатында алтын, күміс және қола медаль алды • Астанада көлік нөмірін тетікпен жасырған BMW иесі қамалды •

    «Сәтсіздік те, зұлымдық та — әйелден»: Танымал продюсер отбасы туралы сөз қозғады

    «Сәтсіздік те, зұлымдық та — әйелден»: Танымал продюсер отбасы туралы сөз қозғады

    Танымал продюсер Жан Мұқанов әйелдер мен ерлердің отбасындағы рөліне қатысты пікір білдірді.

    Медиа менеджерінің сөзінше, баланың тәрбиесіне, оның қандай азамат болып өсуіне тікелей анасы жауапты көрінеді.

    “Әлемнің бүкіл зұлымдығы да, жақсылығы да – әйелден. Жетістікке жету, сәтсіздікке ұшырау да – әйелден. Ер адам жаман ба, онда, оны анасы солай тәрбиелеген. Елдің президенті нашар ма, оның анасы да сондай болған деген сөз. Адам бойына құндылықты сіңіретін – шешесі», – деді продюсер “Цукербектің көршілері” подкастында.

    Продюсердің сөзінше, отбасында ер адамның атқаратын екі-ақ қызметі бар екен.

    «Ол – қорғау мен асырау. Болды. Біздің бала тәрбиесіндегі рөліміздің үлесі 10 пайызға жетер-жетпейтіндей ғана. Қалғанының бәрін балаға анасы береді. Шеше бақытсыз болса, одан қандай оңған ұрпақ шығады? Егер ана шаңырағында бақытты, сүйікті болса, өз-өзін дамытқан, оқыған, қызмет істеген болса, сол кезде ол нағыз азаматты тәрбиелеп шығарады», – деді медиа менеджер.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →