Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 30 қазан 2026 $ 455,3↓€ 507,3↓₽ 5,66↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Димаш Құдайберген Анкарадағы Түркі мемлекеттері ұйымының концертіне қатысты • ТМҰ саммитінде түркі әлемінің концерті өтті • Омбыда қазақстандық машинист заңсыз мигрант үшін 2 жыл 5 айға сотталды • Алматы метросында бір күнде екі күдікті зат табылды • Түркі мемлекеттері басшыларына қазақ киіз үйі мен «Сақ аңшысы» мүсіні таныстырылды • «Семей» футзалдан Чемпиондар лигасында «Барсаға» 1:6 есебімен жол берді • Димаш Құдайберген Анкарадағы Түркі мемлекеттері ұйымының концертіне қатысты • ТМҰ саммитінде түркі әлемінің концерті өтті • Омбыда қазақстандық машинист заңсыз мигрант үшін 2 жыл 5 айға сотталды • Алматы метросында бір күнде екі күдікті зат табылды • Түркі мемлекеттері басшыларына қазақ киіз үйі мен «Сақ аңшысы» мүсіні таныстырылды • «Семей» футзалдан Чемпиондар лигасында «Барсаға» 1:6 есебімен жол берді •

    «Келініме бір-ақ нәрсе айттым»: Айгүл Иманбаева қандай ене екенін айтты

    «Келініме бір-ақ нәрсе айттым»: Айгүл Иманбаева қандай ене екенін айтты

    Танымал әнші Айгүл Иманбаева келінімен қарым-қатынасын айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Өнер иесі келінін тәрбиелемейтінін “КешREC” бағдарламасында жасырмады.

    «Көзімнің ағы мен қарасы – Асылжанымның жары, таңдауы. Семейдің қызы. Абайтанушы, өте мәдениетті, әдебиеттің адамы Алмахан Мұхаметқалиқызының қызы. Қазақ тегін айтпайды ғой «анасына қарап, қызын ал» деп. Өзім секілді аңқылдаған келінім бар. Ашық. Мен келінім табалдырықты аттаған кезде бір-ақ нәрсе айттым: «Аяқ астынан ғұлама болып, ақылды болып, тәрбиелеп ақыл айтпаймын. Тәрбие деген 13 жасқа дейін ғана жұғады. Одан кейін адамды тәрбиелеу мүмкін емес. Әркім өз отбасындағы тәрбиені алып келеді. Осы жасқа дейінгі көрген тәрбиеңмен өмір сүресің, көрсетерсің, жасарсың. Мен саған бір-ақ нәрсе айтамын: дамуыңды, білім алуыңды тоқтатпа. Өзің дамы. Мен баламның да потенциалын білемін ғой. Әбден сыртта өскен, шетелде оқыған. Сондықтан дамып отырсаң, бір деңгейде жүресіңдер. Бір-ақ нәрсе сұраймын. Қарт анам бар. Ол кісінің денсаулығы да күтімді талап етеді. Сол кісінің батасын ала берші. Басқа менде тілек жоқ” дедім. Мен рахат енемін ғой. Жеке шекарасына кірмеймін, ақыл айтып, миыңды шұқып, түртпектеу атымен жоқ. Айтқанымды істеп жатыр. Мен сондай енемін», – деді ол.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →