Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 30 қазан 2026 $ 455,3↓€ 507,3↓₽ 5,66↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда жүздеген гид пен экскурсия жүргізушісі туристерге халықаралық стандарттарға сай қызмет көрсетуді үйренді • Меруерт Түсіпбаева Бақтияр Қожамен бірге түскен суреттері талқыға түсті • Борышкердің ақшасынан төленетін өндіруші: жеке сот орындаушылары жүйесі неге шағымның негізгі көзіне айналды? • Тарихи жетістік: Елена Рыбакина 2026 жылды әлемнің бірінші ракеткасы ретінде аяқтайды • «Ағамыз бос па екен»: Белгілі әзілкеш Динара Сәтжанға өтініш айтты • Алматыда LEZ пилоттық жобасының аралық қорытындысы шығарылды • Алматыда жүздеген гид пен экскурсия жүргізушісі туристерге халықаралық стандарттарға сай қызмет көрсетуді үйренді • Меруерт Түсіпбаева Бақтияр Қожамен бірге түскен суреттері талқыға түсті • Борышкердің ақшасынан төленетін өндіруші: жеке сот орындаушылары жүйесі неге шағымның негізгі көзіне айналды? • Тарихи жетістік: Елена Рыбакина 2026 жылды әлемнің бірінші ракеткасы ретінде аяқтайды • «Ағамыз бос па екен»: Белгілі әзілкеш Динара Сәтжанға өтініш айтты • Алматыда LEZ пилоттық жобасының аралық қорытындысы шығарылды •

    «Аузында сағыз, көзінде көзілдірік»: Тоқтар Серіковтің тұңғышы аттестат аламын деп сынға қалды (ВИДЕО)

    «Аузында сағыз, көзінде көзілдірік»: Тоқтар Серіковтің тұңғышы аттестат аламын деп сынға қалды (ВИДЕО)

    Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиеваның тұңғыштары мектеп бітіріп, «Алтын белгі» иегері атанған еді. Алайда әншілер отбасынан шыққан ұлдың әрекеті көпке жақпай қалды, деп жазды Qazaq Today ақпарат порталы.

    «Аузында сағыз, көзінде көзілдірік. Оқушы сияқты болмай ма?», «Аттестат алатын бала мүғаліміңді сызып тұрған жоқ. Өркөкіректік басым болып тұр», «Неге осы шіреніп кетеді жап-жас болып? Мұғалімнің қолын алғанда көзілдірігін шешіп кұрмет көрсету қиын ба? «Алтын белгі» құтты болсын, бірақ сыйлау жағы ұяттау сияқты», деп жазды желі қолданушыларының бір бөлігі.

    Ал Тоқтар Серйік болса, баласының әрекетін ақтап, көпшілік сынына төмендегідей жауап берді.

    «Көп рақмет құттықтауларыңызға. Баршаңыздың балаларыңызға бүйырсын. Балапаным қуанғаннан аузындағы сағыз бен көзіндегі көзілдірікті де ұмытып кетіпті. Балада тәртіп пен білім болмаса оған «Алтын белгіні» кім берсін?! Өзінің адал еңбегі. Аллаға шүкір! Ұстаздарымызға мың алғыс! Беколжасыма көп рақмет. Тіл көзден аман болсын. Балапаным ақ жол! Арманың орындалсын. Алла жар болсын», — деп жазды әнші.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →