Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 10 қазан 2026 $ 451,4↑€ 507,3↑₽ 5,31↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Теміртауда ата-анасын өлтірді деген күдікті ұсталды • Көкшетауда 4 жасар бала құрылыс алаңындағы ашық құдықтан қаза тапты • Қаза тапқан 14 әскери қызметшінің отбасына қаржылай көмек табысталды • Ақтауда балықтан уланған баланың қаза табуы: тергеу мәліметтері жарияланды • Павлодарда пойыз астында қалған 22 жастағы жігіт ауруханада көз жұмды • Меруерт Өтекешованың 75 жылдығына төрт қабатты торт жасалды • Теміртауда ата-анасын өлтірді деген күдікті ұсталды • Көкшетауда 4 жасар бала құрылыс алаңындағы ашық құдықтан қаза тапты • Қаза тапқан 14 әскери қызметшінің отбасына қаржылай көмек табысталды • Ақтауда балықтан уланған баланың қаза табуы: тергеу мәліметтері жарияланды • Павлодарда пойыз астында қалған 22 жастағы жігіт ауруханада көз жұмды • Меруерт Өтекешованың 75 жылдығына төрт қабатты торт жасалды •

    «Нағыз ледилар өсіп шықты»: Баян Алагөзова қыздарына берген тәрбиесін айтып мақтанды

    «Нағыз ледилар өсіп шықты»: Баян Алагөзова қыздарына берген тәрбиесін айтып мақтанды

    Фото: желіден алынды

    Қазақстандық продюсер әрі актриса Баян Алагөзова әлеуметтік желідегі жазылушыларымен қыздарын қалай тәрбиелегені жөнінде ой бөлісті. Музыкаға деген сүйіспеншілік дарытып, оларды нағыз леди етіп өсіргенін айтты, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

    Көп балалы ана атанған продюсер Instagram желісіндегі стористе ана ретінде өз тәжірибесімен бөлісті.

    «Маған жиі қояр сұрақ – қалай мұндай балалар өсірдіңіз? 10 жыл бұрын неден бастау керек екенін, дәлірек айтсам, неден жалғастыру керектігін білген едім. Нәтижесінде осы жазбада көрсетілгеннің бәріне сай нағыз леди өсіп шықты», – деді Баян Мақсатқызы.

    Ол сонымен бірге он жыл бұрын жарияланған жазбаға сілтеме қалдырып, онда кішкентай Айарудың рояльде ойнап отырған видеосын көрсетті.

    «Балаларымның жетістіктерімен ең қатты мақтанамын! Ерте жастан бастап оларға ең жақсыны беруге тырыстым. Музыкамен байланыс – баланы тәртіпке, табандылық пен жігерге баулудың ең жақсы жолдарының бірі. Меніңше, болашақ нағыз леди музыкалық аспапта ойнап, әдемі би билей алуы, бірнеше тілді білуі керек. Біз осы бағытта баяу болса да, нық қадам басып келеміз», – деп жазды продюсер.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →