Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • ІІМ: “9 мамырда КСРО туын көшеге алып шыққандар жазаланбайды”

    Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов 9 мамырда қызыл ту алып шыққандардың жауапқа тартылмау себебін түсіндірді, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап.

    “Оларға ескерту, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Құқықтық мемлекетте тұрғандықтан, заңда шектеу болмаған соң оған (КСРО туын алып шығуға – ред.) рұқсат.  Алайда біз ашық қоғамда тұрамыз. Егер олардың әрекеті қоғамның наразылығын тудырғандықтан, ішкі істер органдарының сақшылары насихаттау, үгіттеу, ескерту жұмыстарын жүргізді”, – деді министр.

    Ахметжановтың сөзінше, полиция қызметкерлері заң шеңберінде қолдарынан келгенді жасады. Ал мұндай әрекеттердің соңы алауыздыққа, қоғамның бөлініп-жіктелуіне апарып соқпас үшін үшін заңға өзгеріс енгізу керек дейді ведомство басшысы.

    Qazaq.today 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →