Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 1 қазан 2026 $ 439,7↓€ 498,3↓₽ 5,25↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Криштиану Роналду Португалия құрамасынан кетті • Атырау облысында жол апатынан жасөспірім қаза тапты • Қазақстан бокс федерациясы Азия ойындарындағы төрешілер шешіміне наразылық білдірді • Криштиану Роналду Португалия құрамасының базасынан кетті • Тоқаев Бавариядағы форумда Қазақстанның агроөнеркәсіп әлеуетін таныстырды • «Шексіз құжат толтырма»: Депутаттар дерігерлердің жұмысын реттеу керектігін айтты • Криштиану Роналду Португалия құрамасынан кетті • Атырау облысында жол апатынан жасөспірім қаза тапты • Қазақстан бокс федерациясы Азия ойындарындағы төрешілер шешіміне наразылық білдірді • Криштиану Роналду Португалия құрамасының базасынан кетті • Тоқаев Бавариядағы форумда Қазақстанның агроөнеркәсіп әлеуетін таныстырды • «Шексіз құжат толтырма»: Депутаттар дерігерлердің жұмысын реттеу керектігін айтты •

    Назарбаев мектептерінде емтихан жауаптары сатыла ма? — Басқарма төрағасы жауап берді

    «Назарбаев Зияткерлік мектептері» басқармасының төрағасы Әнуар Жанғозин емтихан материалдарын сату туралы қауесетке жауап берді, — деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

    Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» түлектері тапсыратын емтихан материалдары сатылатыны туралы ақпарат тарады.

    Жанғозиннің айтуынша, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.

    «Біздің мектептерде оқушыларды бағалау рәсімдерін жүргізуге арналған кез келген емтихан материалдары халықаралық стандарттарға сәйкес әзірленеді. Оларды әзірлеу кезінде құпиялылық пен қауіпсіздік шаралары сақталады, бұл материалдың сыртқа шығып кетуін болдырмайды. Осыған байланысты «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ арандатушылыққа берілмеуге шақырады. Біз шәкірттерімізді оқытуда адалдық пен ашықтықтың қатаң принциптерін ұстанамыз және алаяқтықтың кез келген түрін, соның ішінде емтихан материалдарын сатуды мүлдем құптамаймыз. Сондай-ақ, мұндай іс-әрекеттер біздің ережелерімізді өрескел бұзу ретінде қарастырылатынын және дереу жұмыстан шығаруға және кейіннен заңнамалық тұрғыда жауапкершілікке тартуға әкелуі мүмкін екенін атап өткім келеді», — деді НЗМ басшысы.

    Qazaq.today 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →