Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 1 қазан 2026 $ 439,7↓€ 498,3↓₽ 5,25↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Криштиану Роналду Португалия құрамасынан кетті • Атырау облысында жол апатынан жасөспірім қаза тапты • Қазақстан бокс федерациясы Азия ойындарындағы төрешілер шешіміне наразылық білдірді • Криштиану Роналду Португалия құрамасының базасынан кетті • Тоқаев Бавариядағы форумда Қазақстанның агроөнеркәсіп әлеуетін таныстырды • «Шексіз құжат толтырма»: Депутаттар дерігерлердің жұмысын реттеу керектігін айтты • Криштиану Роналду Португалия құрамасынан кетті • Атырау облысында жол апатынан жасөспірім қаза тапты • Қазақстан бокс федерациясы Азия ойындарындағы төрешілер шешіміне наразылық білдірді • Криштиану Роналду Португалия құрамасының базасынан кетті • Тоқаев Бавариядағы форумда Қазақстанның агроөнеркәсіп әлеуетін таныстырды • «Шексіз құжат толтырма»: Депутаттар дерігерлердің жұмысын реттеу керектігін айтты •

    Анкарада Ресей мен Украина делегациясының арасында жанжал болды

    4 мамырда Анкарада өткен Қара теңіз экономикалық ынтымақтастығы Парламенттік Ассамблеясының (ПАЧЭС) саммитінде Украина мен Ресей делегацияларының мүшелері арасында жанжал болды, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап. 

    Кеудесіне “георгий лентасын” таққан Мемлекеттік Дума депутаты Ольга Тимофееваның сөйлеп жатқан кезде украин делегациясының мүшелері оның артында жалауларын жайып, Ресейге қарсы ұрандарды айта бастады.

    Ассамблеяға төрағалық ететін Түркия парламентінің спикері Мұстафа Шентоп араласып, отырысқа қатысушыларды тыныштыққа шақырды.

    «Бұл жерде жаман ештеңе жоқ. Алайда, егер акциялар өткізуге талпыныс жасалса, бүгінгі жиналыс алаңы парламенттік іс-шара болмай, көше қозғалысына айналады», — деп атап өтті түрік спикері.

    Кейінірек кулуарда украиндар мен орыстар арасында одан да қызу жанжал өрбіді.

    Qazaq.today 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →