Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 19 қазан 2026 $ 452,9↑€ 509,0↑₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Шакираның Бішкектегі концерті қалай өтті? • Путин Трамп пен Си Цзиньпинге Украинадағы соғысты талқылауды ұсынды • «Қыздар жабысып, өздері жүгірді»: Мейрамбек Беспаевтың әйелі күйеуіне қатысты мәлімдеме жасады • «Жол қашан жөнделеді?»: Атбасарда жылу құбырын тартқаннан кейін көше батпаққа айналған • Астанада тұрғындардың қарсылығына қарамастан құрылыс жүріп жатыр: рұқсат құжаты бар ма? • Украинадағы соғыс пен Кенесарының бас сүйегі: Уәлихан Қайсаров өткір мәселелерді көтерді • Шакираның Бішкектегі концерті қалай өтті? • Путин Трамп пен Си Цзиньпинге Украинадағы соғысты талқылауды ұсынды • «Қыздар жабысып, өздері жүгірді»: Мейрамбек Беспаевтың әйелі күйеуіне қатысты мәлімдеме жасады • «Жол қашан жөнделеді?»: Атбасарда жылу құбырын тартқаннан кейін көше батпаққа айналған • Астанада тұрғындардың қарсылығына қарамастан құрылыс жүріп жатыр: рұқсат құжаты бар ма? • Украинадағы соғыс пен Кенесарының бас сүйегі: Уәлихан Қайсаров өткір мәселелерді көтерді •

    Асхат Аймағамбетов мұғалімдерге қатысты сүйінші жаңалық айтты

    Асхат Аймағамбетов мұғалімдерге қатысты сүйінші жаңалық айтты

    Фото: orda.kz

    Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов педагогтерді мазалап келген тағы бір түйткілдің шешілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат порталы.

    Оның айтуынша, жазғы демалыста жүрген мұғалімдердің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінен уақытша шығып қалуы енді қайталанбайды.

    «Бұрын бухгалтерлер мамыр-маусым айларында үш айдың жарнасын бірден төлейтін. Ал жүйе мұны дұрыс түсінбей, бұл кезеңге төлем жасалмаған деп қабылдайтын. Осы қателік түзетілді», — деді депутат.

    Енді жүйеден автоматты түрде шығу үшін қатарынан 6 ай бойы жарна төленбеуі керек. Аймағамбетов бұл өзгеріс тек мұғалімдерге емес, бүкіл ел азаматтарына қатысты екенін де атап өтті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →