Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 1 қазан 2026 $ 439,7↓€ 498,3↓₽ 5,25↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Атырау облысында жол апатынан жасөспірім қаза тапты • Қазақстан бокс федерациясы Азия ойындарындағы төрешілер шешіміне наразылық білдірді • Криштиану Роналду Португалия құрамасының базасынан кетті • Тоқаев Бавариядағы форумда Қазақстанның агроөнеркәсіп әлеуетін таныстырды • «Шексіз құжат толтырма»: Депутаттар дерігерлердің жұмысын реттеу керектігін айтты • Моңғолиялық қазақ балуаны Азия ойындарында дзюдодан алтын алды • Атырау облысында жол апатынан жасөспірім қаза тапты • Қазақстан бокс федерациясы Азия ойындарындағы төрешілер шешіміне наразылық білдірді • Криштиану Роналду Португалия құрамасының базасынан кетті • Тоқаев Бавариядағы форумда Қазақстанның агроөнеркәсіп әлеуетін таныстырды • «Шексіз құжат толтырма»: Депутаттар дерігерлердің жұмысын реттеу керектігін айтты • Моңғолиялық қазақ балуаны Азия ойындарында дзюдодан алтын алды •

    Еңбекшіқазақ ауданындағы 64 елдімекеннің 14%-ы газға қосылған

    Еңбекшіқазақ ауданының 54 елдімекені 5 жылда газға қосылады. Бұл туралы бүгінгі өткен көшпелі баспасөз мәслихатында аудан әкімі Алтай Досымбаев айтты, деп хабарлайды Qazaq.today. 

    Брифингте бірқатар әлеуметтік мәселелер көтерілді. Оның бірі — ауылдарды газдандыру. Қазіргі таңда аудандағы 64 елдімекеннің 14%-ы ғана газға қосылған немесе 25 мың абоненттің 8,7 мыңы ғана көгілдір отынмен қамтылған.

    «Ауқат Инвест» атты жеке инвестор компаниясы 5 ауылға газ тарту үшін жобалық-сметалық құжатын дайындап жатыр. Жоба құны аталған құжат дайын болғанда анықталады. Тағы 3 жобаға қаражат бөлінді. Сонымен қатар 54 елдімекенді толық қамту мақсатында осы компания инвестициялық жоба әзірлеп жатқанын айта кеткен жөн. Алдымен жоғарыда аталған 5 ауыл, кейіннен кезең-кезеңімен қалған ауылдар көгілдір отынға қосылады. Бұл жоспар 5 жылға жалғасады. Газға қосылу бағасы шамамен 350 мың теңге болмақ”, — деді әкім.

    Сондай-ақ әкім көпқабатты үйлерді жылумен қамту үшін 16 блоктық-модульдық қазандықтар орналастыру жоспарланғанын айтты. Бүгінгі таңда 15-нің құрылысы аяқталды, 1-уінің құжатына өзгерістер енгізіліп жатыр. Аталған жоспар мемлекеттік бағдарлама аясында іске асырылған.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →