Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 1 қазан 2026 $ 439,7↓€ 498,3↓₽ 5,25↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстан бокс федерациясы Азия ойындарындағы төрешілер шешіміне наразылық білдірді • Криштиану Роналду Португалия құрамасының базасынан кетті • Тоқаев Бавариядағы форумда Қазақстанның агроөнеркәсіп әлеуетін таныстырды • «Шексіз құжат толтырма»: Депутаттар дерігерлердің жұмысын реттеу керектігін айтты • Моңғолиялық қазақ балуаны Азия ойындарында дзюдодан алтын алды • Әке иісі сәбидің бейтаныс адамдармен қарым-қатынасын жақсартады – зерттеу • Қазақстан бокс федерациясы Азия ойындарындағы төрешілер шешіміне наразылық білдірді • Криштиану Роналду Португалия құрамасының базасынан кетті • Тоқаев Бавариядағы форумда Қазақстанның агроөнеркәсіп әлеуетін таныстырды • «Шексіз құжат толтырма»: Депутаттар дерігерлердің жұмысын реттеу керектігін айтты • Моңғолиялық қазақ балуаны Азия ойындарында дзюдодан алтын алды • Әке иісі сәбидің бейтаныс адамдармен қарым-қатынасын жақсартады – зерттеу •

    FlyArystan-ның Алматы − Өскемен бағытындағы тікелей рейсі ашылды

    FlyArystan әуе компаниясының ұшағы Алматы − Өскемен – Алматы бағыты бойынша алғашқы рейсін жасады,-деп хабарлайды Qazaq.today.

    Алдағы уақытта Алматы мен Өскемен арасында компанияның Airbus A320 ұшақтары 1 сағат 40 минут ұзақтықта сейсенбі, бейсенбі, жұма және жексенбі күндері, аптасына 4 рет қатынайды.

    FlyArystan әуе компаниясы маркетинг бөлімінің директоры Мадина Бужинованың айтуынша, кейінгі кезде табиғаты сұлу Алтай өлкесіне туристердің қызығушылығы артқан.

    «Шығыс Қазақстанның туризм саласын дамытуға үлес қосу – біз үшін үлкен қуаныш. Екі ірі қаланың арасында қалта көтеретін бағамен тікелей рейс жасауды бастадық. Бұл тек жергілікті туристерді қызықтырып қана қоймай, шетелдік туристерді де тартуға мүмкіндік береді деп ойлаймыз»,-деді Мадина Бужинова.

    Әуе компаниясы өкілінің сөзінше, биылғы жылдың қазан айына дейін Алматы мен Өскемен арасындағы рейстерге билеттер сатылымға шығарылды. Билеттерді мобильді қосымшадан немесе flyarystan.com сайтынан сатып алуға болады.

    «Қызу қатынау маусымы басталған кезде, Өскемен тұрғындары өз сапарларын алдын-ала жоспарлап, қолжетімді билеттерді пайланады деп үміттенеміз»,- дейді компания директоры.

    Қазақстандағы ең алғашқы лоукостер FlyArystan бірінші рейсін 2019 жылы жасады. Ол 4 жыл ішінде 10 миллионға жуық жолаушыны тасымалдаған. Оның ішінде 1 миллион адам алғаш рет арзан бағада ұшақ билетін алғанын айтқан.

    Әуе компаниясының ұшақтары ел іші мен шетелде 35 бағытта сапарлайды. Олардың ішінде:  Түркияға (Ыстамбул, Анкара), Грузияға (Кутаиси), Әзірбайжанға (Баку), Үндістанға (Дели), Өзбекстанға (Самарқан, Ташкент), Қырғызстанға (Бішкек), сондай-ақ Арменияға (Ереван) рейстер бар.

    FlyArystan флотында 180-188 орындық 14 Airbus A320 ұшағы бар, оның 4-і тікелей өндіруші зауыттан әкелінген. Жыл соңына дейін Airbus зауытынан тағы 5 ұшақ қосылмақ.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →