Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 1 қазан 2026 $ 441,2↓€ 501,3↓₽ 5,22↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Әке иісі сәбидің бейтаныс адамдармен қарым-қатынасын жақсартады – зерттеу • Қарағандыда төрт жасар қыз алтыншы қабаттан құлап көз жұмды • Алматыда алғаш рет робот көмегімен асқазанға ота жасалды • Тоқаев Aurubis AG байқаушылар кеңесінің төрағасын қабылдады • Бернд Ульбрихт корпорация бастамаларына қолдау көрсеткені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты • Қазақстандық әртіс Қытайда «Жылдың әні» жүлдесін жеңіп алды • Әке иісі сәбидің бейтаныс адамдармен қарым-қатынасын жақсартады – зерттеу • Қарағандыда төрт жасар қыз алтыншы қабаттан құлап көз жұмды • Алматыда алғаш рет робот көмегімен асқазанға ота жасалды • Тоқаев Aurubis AG байқаушылар кеңесінің төрағасын қабылдады • Бернд Ульбрихт корпорация бастамаларына қолдау көрсеткені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты • Қазақстандық әртіс Қытайда «Жылдың әні» жүлдесін жеңіп алды •

    Мәжіліс депутаты: «Қазақстандықтарды несие алмауға үйрету керек»

    Бұл туралы Мәжіліс депутаты Руслан Берденов айтты, деп хабарлады Qazaq.today Halyq Unі -не сілтеме жасап. 

    Біріншіден, халық жайдан-жай (банкке) барып, несие алмайды. Олар жағдайы болмағасын (банкке) барады. Екіншіден, менің таныстарым бар. Мысалы, жаңадан телефон шығады. Олар телефонды тұтынушылық несиеге алады. Оның пайызын санайтын болсаң, жылына 70-80%. Әрине, ол – ақымақтық, — деді депутат.

    Оның пікірінше, мәселеге жан-жақты қараған жөн.

    Менің ойымша, қолдан келгенше, мектептен бастап, несиеге жақындатпауды үйретуіміз керек. Содан кейін (несиенің келісімшартына) 10-12% деп жазылып қояды. Оны анықтап қарасаң, несиенің мөлшері – 12%, алайда несиені алғаны үшін деп тағы (пайыз) қосылады. Осылайша, ол 30% болады. Бұл мәселені шешу керек, — деді Руслан Берденов.

    Сондай-ақ депутат несиені оңды-солды беріп жатқан банктерге бақылауды күшейту керек деген ұстанымда.

    «Үшіншіден, көптеген банк тексермей, несиені онлайн беріп жатыр. Сіз оны қайтара аласыз ба, жоқ па, оған да қарамайды. Қаншама студент микронесиелік ұйымдарға ұрынып жатыр. Бұған да шектеу қою керек сияқты», — деді ол.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →