Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 1 қазан 2026 $ 441,2↓€ 501,3↓₽ 5,22↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда алғаш рет робот көмегімен асқазанға ота жасалды • Тоқаев Aurubis AG байқаушылар кеңесінің төрағасын қабылдады • Бернд Ульбрихт корпорация бастамаларына қолдау көрсеткені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты • Қазақстандық әртіс Қытайда «Жылдың әні» жүлдесін жеңіп алды • Алматыда Халықаралық қарттар күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтеді • Қазақстан экономикасы саннан сапаға бет алды: соңғы жеті жылда не өзгерді? • Алматыда алғаш рет робот көмегімен асқазанға ота жасалды • Тоқаев Aurubis AG байқаушылар кеңесінің төрағасын қабылдады • Бернд Ульбрихт корпорация бастамаларына қолдау көрсеткені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты • Қазақстандық әртіс Қытайда «Жылдың әні» жүлдесін жеңіп алды • Алматыда Халықаралық қарттар күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтеді • Қазақстан экономикасы саннан сапаға бет алды: соңғы жеті жылда не өзгерді? •

    Тоқаев өзбек президентін референдумның сәтті өтуімен құттықтады

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Qazaq.today Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Шавкат Мирзиёевті Өзбекстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі жалпыхалықтық референдумның сәтті өтуімен құттықтады.

    Қасым-Жомарт Тоқаев жалпыұлттық таңдау еркінің қорытындысы Президент Шавкат Мирзиёевтің стратегиялық бағдарына өзбек халқының зор сенім білдіріп, қолдағанының дәлелі екенін атап өтті.

    Қазақстан мен Өзбекстан президенттері екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен ынтымақтастықты нығайтуға ниетті екенін тағы да растады.

    Мемлекеттер басшылары қазақ-өзбек қатынастарының қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселесін талқылады.

    Сондай-ақ президенттер алдағы уақытқа жоспарланған іс-шаралар кестесін қарастырды.

    Qazaq.today 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →