Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 26 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қостанайда полициядан қашқан жүргізуші автобуспен соқтығысып қаза тапты • Қырғызстанның оңтүстігінде магнитудасы 3,1 жер сілкінісі болды • Автобуста 55 жолаушы болған: қиылыста бағдаршамды өтіп кеткен көлік соқтығысып, ер адам қаза тапты • Қазақстандық балуандар Астанадағы әлем чемпионатында екі қола медаль жеңіп алды • Түркістанда «TAIQAZAN» гастрономиялық фестивалі өтіп жатыр • Рыбакина Нинбода титул қорғап, WTA рейтингінде 2000 ұпайға алға шықты • Қостанайда полициядан қашқан жүргізуші автобуспен соқтығысып қаза тапты • Қырғызстанның оңтүстігінде магнитудасы 3,1 жер сілкінісі болды • Автобуста 55 жолаушы болған: қиылыста бағдаршамды өтіп кеткен көлік соқтығысып, ер адам қаза тапты • Қазақстандық балуандар Астанадағы әлем чемпионатында екі қола медаль жеңіп алды • Түркістанда «TAIQAZAN» гастрономиялық фестивалі өтіп жатыр • Рыбакина Нинбода титул қорғап, WTA рейтингінде 2000 ұпайға алға шықты •

    Жалғас Жұмағұлов титулды жекпе-жек өткізеді

    Жалғас Жұмағұлов титулды жекпе-жек өткізеді

    Фото: Әлеуметтік желі

    Жалғас Жұмағұлов Еуропадағы ең ірі ММА промоушендердің бірінде титулдық жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы спортшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    28 маусым күні Германияның Гамбург қаласында өтетін чехиялық Oktagon турнирінде (Oktagon 73) Жұмағұловтың (17-9) қарсыласы аса жеңіл салмақтағы (57 кг) қазіргі чемпион — грузиялық Бено Адамия (12-8) болады. Турнир 15 мың орындық Barclays Arena-да ұйымдастырылады.

    36 жастағы Жұмағұлов Oktagon промоушенінде алғашқы жекпе-жегін 9 қарашада өткізіп, Уэльс өкілі, бұрынғы үміткер Аарон Абиді төрешілер шешімімен жеңді.

    Ал 28 жастағы Адамия чемпиондық белбеуді 22 ақпанда жеңіп алған — ол төрешілер шешімімен ағылшын Сэм Кризиден (19-6) басым түсті. Грузиялық спортшы қатарынан алты жекпе-жекте жеңіске жеткен, оның үшеуі — Oktagon ұйымында.

    Чехиялық Oktagon — Еуропадағы жетекші ММА лигалардың бірі. Олар турнирлерін стадиондарда жиі өткізеді: Кёльнде – 18 000, Прагада – 20 000, ал Франкфуртте тіпті – 50 000 көрермен жинаған. Oktagon-нан UFC-ге алты спортшы өткен, олардың ең танымалы — UFC-дегі алғашқы өзбекстандық Махмуд Мурадов.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →